03.02.2009, 13:51 1632

Астанада банк клиенттерінің пластикалық карточкаларынан ақша ұрлады деген күдікпен Салық комитетінің бас маманы ұсталды - ІІД

Астанада банк клиенттерінің пластикалық карточкаларынан ақша ұрлады деген күдікпен Салық комитетінің бас маманы ұсталды - ІІД

Астана. 3 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада банк клиенттерінің пластикалық карточкаларынан ақша ұрлады деген күдікпен ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің бас маманы ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД төрағасының бірінші орынбасары Жанат Битенов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2009 жылдың 29 қаңтарында Астана қалалық ІІД-нің криминалдық полициясы басқармасының қызметкерлері қаладағы банктердің қауіпсіздік қызметтерімен ықпалдаса отырып, банктердің клиенттерінің қолдан жасалған пластик карточкаларын пайдалану арқылы азаматтардың есепшоттарынан ақша ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топтың әрекеттеріне тосқауыл қойды", - деді Ж. Битенов.

Оның айтуынша, "бұл топтың құрамына ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің бас маманы да кірген". "Ол карточкалардың нөмірін білгенімен, кодын білмеген".

"Карточкалардың нөмірі нағыз карточканың нөмірімен бірдей болу принципі пайдаланылған. Жасанды карточкаларға азаматтардың жеке тұлғасына қатысты жалған мәліметтер енгізілген", - деді Ж. Битенов.

ІІД өкілінің хабарлауынша, карточкалардың жеке кодын білмеген қылмыскерлер тиісті код енгізуді талап етпейтін арнаулы терминалдары бар коммерциялық ұйымдарда тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысып отырған.

"Осы топтың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 1 млн жуық теңгенің материалдық шығыны келтірілген", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны