20.12.2012, 12:28 2938

Астанада ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының қорытындысы талқыланды

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының аясында Орталық Азия елдері бойынша Бастамашылықтың Басқару комитетінің отырысы өтті.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының қорытындысы талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының аясында Орталық Азия елдері бойынша Бастамашылықтың Басқару комитетінің отырысы өтті.

Жиынға қатысушылар 2012 жылдың қорытындысын талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанда өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру және мемлекеттік қызметті қайта құру саласындағы жобаларды іске асырудың негізгі нәтижелері қаралды.

ЭЫДҰ сарапшылары кейбір салалық министрліктердің жұмыс тиімділіктерін арттыру және жобаларға атсалысқан үш пилоттық өңірдің бәсекеге қабілеттіліктерін жақсарту жөніндегі нақты ұсыныстарды таныстырды. Сондай-ақ, 2013 жылы атқарылатын негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары мақұлданды.

2008 жылдан бері іске асырылып келе жатқан ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы инвестициялық климаты жақсартуға, өнімділікті арттыруға, жекеменшік секторды дамытуға және өңірдегі кәсіпкерлікті арттыруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны