22.01.2008, 16:14 2932

Астанада ішкі әскердің дербес жедел бригадасы құрылады - ҚР ішкі істер министрі

Астанада ішкі әскердің дербес жедел бригадасы құрылады - ҚР ішкі істер министрі

Астана. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада ішкі әскердің дербес жедел бригадасы құрылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында ұжым басшысы Бауыржан Мұхамеджанов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алматы мен Астананың ішкі істер департаменттері осы қалаларда үлгі тұтарлық қоғамдық тәртіпті орнатуға қол жеткізулері керек. Алматыда бұл үшін күш пен құрал толығымен жетеді деген ойдамын. Ал Астанада ішкі әскердің дербес жедел бригадасын құру мәселесі шешілді. Оны құруға ішкі әскер комитеті кірісіп кетті", - деді Б. Мұхамеджанов.

Ол Астанада ішкі әскердің дербес жедел бригадасын құру "қала көшелерінде, қоғамдық орындарда және көліктерде Қазақстан азаматтары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты" орын алғандығын жеткізді.

"Бұл бағыт еліміздің халықаралық беделінің өсіп келе жатқан тұсында қоғамдық-саяси маңызға ие. Сондықтан, ішкі істер департаменттерінің басшылары әкімдермен бұдан да тығыз жұмыс жасаулары қажет. Тек қызметтің дәстүрлі түрлерімен жұмыс жасап қана қоймай, шұғыл басқару орталықтарын дамыту, көшелердегі бейне бақылау жүйесін кеңейту, көлігінде компьютері, заманауи байланыс құралдары бар автопатрульдарды енгізу, және басқа да инновациялық технологияларды қолдануды белсенді енгізу керек", - деп атап көрсетті министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны