12.03.2014, 20:37 3328

Астанада IX халықаралық "AgriTekAstana' 2014" ауыл шаруашылығы көрмесі ашылды

Көрмеге 26 мемлекеттен келген 216 компания қатысуда, атап айтатын болсақ Австралия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, АҚШ, Финляндия, Оңтүстік Корея және басқалар.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. "Көрме" орталығында наурыз айының 12 мен 14 аралығында TNT Productions, Inc. компаниясы Астанада IX халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы "AgriTekAstana' 2014" көрмесін өткізуде.

Көрмеге 26 мемлекеттен келген 216 компания қатысуда, атап айтатын болсақ Австралия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, АҚШ, Финляндия, Оңтүстік Корея және басқалар.

Таныстыру рәсімінің басты тақырыбы - ауылшаруашылығы техникасы, оның құрама бөлшектері, сұрыптау және тыңайту технологиясы, тұқым мен көшеттер, тыңайтқыштар, өсімдікті қорғайтын заттар, құралдар мен құс және мал шаруашылығы үшін техника, малдар үшін жем, ветеринарлық техника және т.б.

"Біздің кәсіпорын 30 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Ол Беларусь Республикасында бидай жинау техникасы бойынша көшбасшы болып табылады. Біз күрделі инженерлік жүйені қажет ететін техниканы жасап шығарамыз. Олар бидай мен жемді жинайтын адаптерлер - дестелегіш, комбайндар үшін сұрыптаушылар болып табылады. Сонымен қатар, біз аталмыш техниканы сыртқы нарыққа да шығарамыз. Техниканы импорттайтын мемлекеттер олар: Қазақстан, Ресей Федерация, Аргентина, Бразилия, Чехия, Өзбекістан, Украина және т.б. Ирине, аталмыш көрмеден тиімді нәтижелер күтеміз. Сонымен қатар, қазақстандық техника нарығында жаңа қазақстандық серіктесті табамыз деген үміттеміз. Бұл біздің басты мақсатымыз", - деп "Гомельский завод литья и нормалей" ААҚ маркетинг бюросының бастығы Сергей Самусенко атап өтті.

Айта кетерлік жайт, көрме ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ, Қазақстанның құс өсірушілер одағының, Қазақсатнның ет-сүт одағы және ҚР сауда-өндіріс палатасының қамқорлығындағы Қазақстанның жылыжай қауымдастығының қолдауымен өткізілуде.

Көрменің ресми серіктесі - "Қазагрофинанс" және "Қазагромаркетинг" компаниялары.

Естеріңізге сала кетейік, "AgriTekAstana'" көрмесі 2013 жылы "UFI Approved Event" статусын алды, бұл көрменің ұйымдастырылуы жоғары дәрежеде өтетінін және оның бизнестің дамуы мен саланың қалыптасуына, сонымен қатар, онда берілген статистикалық мәліметтердің дәлдігін растайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны