29.04.2015, 11:02 5016

Астанада ҚР Президентін ұлықтау рәсімі басталды

Президент кортежі Ақордадағы резиденциядан шығып, ұлықтау рәсімі өтетін Тәуелсіздік сарайына қарай бет алды. Елбасы Тәуелсіздік сарайына кірердіӊ алдында "Қазақ Елі" монументі алаӊында төселген кілемніӊ үстімен салтанатты шараны тамашалалауға келген халықтыӊ алдында жүріп өтеді

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада 2015 жылдыӊ 26 сәуірінде өткен ҚР Президентініӊ кезектен тыс сайлауында қайта сайланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Президент кортежі Ақордадағы резиденциядан шығып, ұлықтау рәсімі өтетін Тәуелсіздік сарайына қарай бет алды. Елбасы Тәуелсіздік сарайына кірердіӊ алдында "Қазақ Елі" монументі алаӊында төселген кілемніӊ үстімен салтанатты шараны тамашалалауға келген халықтыӊ алдында жүріп өтеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Н.Назарбаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеӊес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысуда.

Ұлықтау рәсімін "Қазақ елі" монументініӊ алдына жиналған Астана тұрғындары мен қала қонақтары да тамашалауда.

Естеріӊізге сала кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ 28 сәуірде жариялаған нақты қорытындысы бойынша 2015 жылдыӊ 26 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардыӊ 97,75 пайыз дауысын алып, жеӊіске жетті.

Бүгінгі 29 сәуірдегі инаугурация - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бесінші ұлықтау рәсімі. Тәуелсіз Қазақстанныӊ Тұӊғыш Президенті 1991 жылы алғаш рет ант берген болатын. Ол салтанатты рәсім 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында өтті. Сонымен қатар 1999 жылы 10 қаӊтарда өткен екінші жалпыхалықтық сайлауда да жеӊіске жеткен Н.Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясына алақанын қойып ант берді. Ал содан кейін 2005 жылы 4 желтоқсанда өткен үшінші жалпыхалықтық сайлаудыӊ нәтижесі бойынша тағы да халық сенімін арқалаған Елбасыныӊ ұлықтау салтанаты 2006 жылғы 11 қаӊтарда Ақордада өткен болатын. Ол инаугурацияға әлемніӊ 70-тен астам мемлекетінен келген жоғары лауазымды тұлғалар қатысты. Ал осыдан кейін 2011 жылы кезектен тыс сайлауда жеӊіске жеткен Н.Назарбаевты ұлықтау рәсімі 8 сәуірде өткен еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны