21.05.2015, 12:07 3664

Астанада мемлекетті дамытудағы әлеуметтік желілердіӊ рөлін талқылады

Бүгін астаналық Тәуелсіздік Сарайында "Тұрақты дамуды қаржыландырудағы инновациялық шешімдер: әлеуметтік желілердіӊ рөлі" тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі мен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментімен бірігіп ұйымдастырылған мемлекеттік басқару, инфокоммуникациялық технологиялар мен электрондық үкіметті дамыту саласындағы 20-дан аса шетелдік сарапшылар қатысты

Астана. 21 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін астаналық Тәуелсіздік Сарайында "Тұрақты дамуды қаржыландырудағы инновациялық шешімдер: әлеуметтік желілердіӊ рөлі" тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі мен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментімен бірігіп ұйымдастырылған мемлекеттік басқару, инфокоммуникациялық технологиялар мен электрондық үкіметті дамыту саласындағы 20-дан аса шетелдік сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Конференцияныӊ спикерлері ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетініӊ төрағасы Сәкен Сәрсенов, БҰҰ ЭИМД Электрондық үкімет басқармасыныӊ басшысы Винченцо Акваро, БҰҰ Экономикалық даму жөніндегі бас хатшысыныӊ көмекшісі Ленни Монтиель, БӨД Атқару комитетініӊ бас директоры Нурудин Мухитдинов, IDC вице-президенті Стивен Франтцен және т.б. сөз сөйледі.

Іс-шара ұйымдастырушыларыныӊ айтуынша, конференцияyыӊ тақырыбы өте өзекті. Егер бұрында әлеуметтік желілер тілдесу және көӊіл көтерудіӊ құралы ретінде пайдаланылса, ал бүгінде олар ақпараттандыру, талқылау алаӊдарына, азаматтық жұмылдыру, сондай-ақ тұрақты дамудыӊ қаржыландыру құралдарына айналуда.

"Біз инициативті тұлғалардыӊ, мысал ретінде, ауыр сырқатпен ауырған балаларды емдеу үшін топтарға бірігіп немесе өздігінен қаражат жинап, қайырымдылық қорларына көмек беріп отырғандарын көріп отырмыз. Осылайша, біз қоғамныӊ дамуындағы әлеуметтік желілердіӊ қандай үлкен рөл ойнайтынын түсінеміз", - деп іс-шараны ұйымдастырушылардыӊ бірі, "Зерде" Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ басқарма төрайымы Бикеш Кұрманғалиева атап айтты.

Конференцияныӊ қатысушылары электрондық үкімет мәселелерін, тұрақты дамудағы ашық үкіметтік деректер мен жеке сектордыӊ рөлін талқылады, ал ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетініӊ төрағасы Сәкен Сәрсенов "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру және орталық мемлекеттік органдардыӊ деректер қорына онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жоспарлары туралы айтты.

Сонымен қатар, орыс тілінде электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ-ныӊ есебі ұсынылды. Іс-шараныӊ қонақтары Мемлекеттік қызметтер жөніндегі бірыӊғай байланыс орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барды. Бұдан басқа, конференция аясында мемлекеттік қызметтерге көпарналы қолжетімділік бойынша ТМД елдерініӊ өкілдері үшін оқыту семинары өтті. Қазақстандықтар көршілес елдермен электрондық үкіметті, мобильдік үкіметті құру, электрондық лицензиялау тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар ХҚКО-ныӊ ықпалдастырылған ақпараттық жүйені құрудағы артықшылықтары туралы атап өтті.

Еске сала кетсек, өткен жылы қазақстандық "Зерде" холдингі ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету бойынша ТМД қатысушы-елдерініӊ Базалық ұйымына айналды.

Жалпы, шетелдік сарапшылар қазақстандық e-үкімет тәжірибесін жоғары бағалағандығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан электрондық үкіметтіӊ даму деӊгейі жөнінен БҰҰ(193 ел) әлемдік рейтингісінде 28-ші орынға ие

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны