07.05.2009, 12:02 1397

Астанада Отан қорғаушылар күні 68665 әскери бөлімінде заманауи казарма ашылады

Астанада Отан қорғаушылар күні 68665 әскери бөлімінде заманауи казарма ашылады

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы 68665 әскери бөлімінде 8 мамыр - Отан қорғаушылар күні Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Даниал Ахметов мерзімді қызметтің сарбаздарына арналған ХХІ ғасырдың казармасын салтанатты жағдайда ашады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Отан қорғаушылардың төл мерекесіне сыйға тартылатын жауынгерлер жатағын ТМД елдерінде теңдесі жоқ деп сеніммен айтуға болады. Жаңа казарма 300-ден аса адамға арналған. Онда сарбаздар үшін бар жағдай жасалған. Илемдік стандартқа сай келетін казарма компьютер сыныптарымен жабдықталған. Ақпараттық-тәрбие бөлмелері заманауи жабдықтармен жарақталған. Жаттығулар залында жауынгерлердің жаттығуына бар мүмкіндік қарастырылған.

"Қазіргі уақытта Елбасының тікелей қамқорлығымен өркениет көшінен қалмай әлемдік стандартқа жақындайтын әскери қалашықтар қалыптасуда. Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерді әлеуметтік-мәдени нысандармен жабдықтауды жалғастыра беретін болады. Негізгі мақсат - сарбаздардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалында проблеманың болмауы",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны