28.05.2007, 16:01 2813

Астанада студенттен 1000 АҚШ долларын бопсалаған екі спортшы құрықталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 28 - мамыр. Kazakhstan Today. Астанада студенттен 1000 АҚШ долларын бопсалаған екі спортшы құрықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығы таратқан баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Астана қалалық Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 20-мамырда жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында "Ак-Центр" сауда орталығының жанында бокс спортының шебері мен самбо спортының шеберін ұстаған",- деп хабарланған баспасөз баянында. Ақпарат орталығының мәліметтеріне сүйенсек, олар қорқыту және күш көрсету арқылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-ші курс студентінен 1000 АҚШ долларын бопсалаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны