31.01.2018, 17:20 7994

Астанада тасымалдау саласына қатысты негізгі мәселелер талқыланды

Ақтөбе облысындағы апат салаға түбегейлі өзгерістер керектігін және заӊсыз тасымалдаушыларды қатаӊ бақылауға алу қажеттігін көрсетіп берді.

Астана. 31 қаӊтар. Kazakhstan Today - Көліктердіӊ тозуы, автобустардыӊ жолаушылармен толмауы, жанармайдыӊ қымбатшылығы, салық, климаттық ауыртпалықтар, нарықтағы заӊсыз бәсекелестер кәсіпкер үшін бұл бизнесті табысты ете ме? Тасымалдау саласына лицензия жүргізу қажет пе? Автобустардыӊ тозуын кім бақылайды? Тұтынушы мүддесі мен кәсіпкерлер құқығын кім қорғайды? 29 қаӊтар күні "Атамекенде" тасымалдаудыӊ негізгі мәселелері талқыланды.

Ақтөбе облысындағы апат салаға түбегейлі өзгерістер керектігін және заӊсыз тасымалдаушыларды қатаӊ бақылауға алу қажеттігін көрсетіп берді.

Автобус тасымалдау мәселесін талқылау "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Елдос Рамазановтыӊ жетекшілігімен өтті. Іс-шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР ІІМ Икімшілік полиция комитеті, салалық қауымдастықтар, автокөлікпен тасымалдаушы кәсіпорындардыӊ өкілдері қатысты.

"Жуырда ғана Ақтөбе облысында автобуста 52 шетел азаматы өртеніп, ажал құшқаны тасымалдауда жүйелі мәселелер барын, оларды тез арада шешу керек екенін аӊғартты. Бұл дабылдыӊ басы. Мемлекеттік органдармен жедел жүргізілген сараптама нәтижесі көлікпен тасымалдау саласында көптеген олқылықтар бары анықталды. Бүгінде тасымалдаушылардыӊ шығынын субсидиялау, салықтан босату, автопарктерді жаӊарту қажет екені ҚР Инвестициялар және даму бойынша министрі қатысуымен қаралды. Саланы қауіпсіз әрі табысты қылу үшін Кешенді бағдарламаларды бекіту қажет", - деді Елдос Рамазанов.

Қазақстан автокөлікшілер одағыныӊ Басқарма Төрағасы Серік Илиғұжиновтыӊ пікірінше көлік саласына бақылаудан басқа, саланы дамыту бойынша түбегейлі шаралар қажет.

"Заӊсыз тасымалдаушыларға қатысты мәселелерді шешу бойынша жұмыс тобын құру қажет. Жеке тұлға атына автобустарды тіркеуді шектеу керек. Тасымалдау кезеӊінде жолаушылардыӊ қауіпсіздігі бірінші кезекке қойлуы тиіс, ал тәжірибе көрсеткендей жеке тұлғалар бұл міндетті қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар ұсынылып отырған Автокөлік дамытудыӊ кешенді бағдарламасын бекітуді тездетіп, жүзеге асыру керек, сонымен қатар оныӊ орындалуын қатаӊ бақылауға алу жөн", - деді Серік Иліғұжинов.

Қазақстан автокөлікшілер одағыныӊ бас директоры Сәбит Аманбаев заӊсыз тасымалдаушыларына қатысты мәселе де кешенді түрде шешілу керек екенін хабарлады, бұл сұраққа салық салу мен шығындарды субсидиялау да жатқызылуы тиіс.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Икімшілік полиция комитетініӊ төрағасы "Автобус" жедел-алдын алу шаралар аясында өткізілген негізгі жұмыс туралы хабарлады. Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілі қолданбақ шаралар жайында айтты.

"Министрліктіӊ жұмысы шеӊберінде ІІМ-нен ҚР Инвестициялар және даму минситрлігініӊ көліктік бақылау органдарына бақылау функцияларын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде", - деді Автокөліктегі бақылау басқармасыныӊ жетекшісі Талғат Оспанов.

Өз кезегінде осы салада жұмыс істеп жатқан өӊір кәсіпкерлері күнбе күн болатын қиындықтарды айтып, саланы жақсартуға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, Қазақстан автокөліктік тасымалдаушылар қауымдастығыныӊ президенті Ирина Жайсанова жекелеген талаптарды күшейтуді ұсынды.

"Меніӊ ойымша тасымалдауға берілетін лицензияны алуды қиындату керек, сонымен қатар 12 жылдан асқан көлікті тасымалдаудан шектеу қажет", - деді Ирина Жайсанова.

Ақмола облысыныӊ автопарк директоры жүргізуші құжатын беруде жас ерекшелік те назарға алыну керек екеніӊ айтты. Көпшіліктіӊ пайымдауынша орын алған мәселелрдіӊ дені мемлекеттік реттеудіӊ жетіспеушілігінен емес жергілікті өкілетті орган дардыӊ бақылауы төмендігінен, сонымен қатар тұтынушылар, кәсіпкерлер тарапынан болатын қоғамдық бақылаудыӊ жоқтығынан орын алып отыр.

"Функцияларды бір министрліктен екінші министрлікке беру жеткіліксіз, лицензияларды тек заӊды тұлғаларға беруді ұсынамын. Осылайша кәсіпкер заӊды түрде жұмыс істеп, тасымалдауда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Кәсіпкер осылай жұмыс істеу тиімді екенін түсінуі керек. Заӊсыз тасымалдаушылар салдарынан мемлекет салық төлемдері ретіндегі кірістен қағылып отыр", - деді Қарағанды облысы автокөлік кәсіпорындары қауымдастығыныӊ директоры Айнитдин Буралкин.

Жиын қорытындысы бойынша заӊсыз тасымалдаушыларға бақылауды күшейту және қойылған міндетті ары қарай орындау белгіленді.

"Жиын қатысушыларын, тасымалдаушыларды жолаушыларды тасымалдау жұмысын жақсарту бойынша нақты ұсыныстарды "Атамекенге" жолдауларын және автокөлік саласына қаысты заӊнаманы жетілдіру бойынша жұмысқа белсенді қатысуға шақырамын", - деді Елдос Рамазанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны