07.10.2016, 13:47 4094

Астанада ТМД шеӊберіндегі мәдени өзара әрекеттесу мәселелері талқылануда

Қазақстан, Армения, Изірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Түркменістан өкілдері Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеӊберіндегі мәдени өзара әрекеттесу мәселелерін талқылау үшін жиналды.

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - ТМД қатысушы-мемлекеттері Мәдени ынтымақтастықтыӊ өзара байланысын меӊгерді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан, Армения, Изірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Түркменістан өкілдері Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеӊберіндегі мәдени өзара әрекеттесу мәселелерін талқылау үшін жиналды. ТМД қатысушы-мемлекеттерініӊ Мәдени ынтымақтастық бойынша кеӊесініӊ ХХХІ отырысыныӊ ашылу рәсімі бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Елордасында өтті.

Биылғы Отырыс аталмыш ұйымныӊ 25-жылдығына орайластырылып ұйымдастырылды. Ширек ғасыр бойғы қызметінде ТМД өзін теӊқұқылы тәуелсіз мемлекеттердіӊ ынтымақтастық формасы, қызметініӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі гуманитарлық әріптестік болып табылатын беделді аймақтық мемлекетаралық ұйым ретінде көрсете білді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова министр Арыстанбек Мұхамедиұлыныӊ шара қатысушылары мен қонақтарына арналған құттықтау хатын оқыды. Министр хатында ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ арқасында ТМД көптеген бастамалары өз жалғасын тауып, елдер арасындағы көпжақты байланыстарды белсендете түсуде өз үлесін қосқандығына ерекше тоқталып өтті.

"Жалпы, достастық мүшелерініӊ барлық мәдени жобалары өркениеттіӊ ортақ мұрасын, рухани және материалды мәдениет ескерткіштерін, ТМД қатысушы-мемлекеттердіӊ барлық халықтарыныӊ ұлттық жетістіктерін сақтап қалу мен пайдалану, олардыӊ ұлттық және діни дәстүрлерін сыйлауға бағытталған негізгі қағидаларымен біріктірілген", - деп жазды министр.

Қазақстандық ведомствоныӊ өкілі А.Райымқұлова айтып кеткендей, ТМД қатысушы-мемлекеттерініӊ Мәдени ынтымақтастық бойынша кеӊесі аясындағы Қазақстанныӊ негізгі мақсаты көпұлтты мемлекеттіӊ бірегей мәдени мұрасын сақтау мен арттыру, қазақ халқыныӊ тарихи тамырларын қалпына келтіру болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі ЕурАзЭҚ, ЮНЕСКО, ШЫҰ, ТМД, ТҮРКСОЙ шеӊберінде мәдени халықаралық саясат пен жобаларды жасақтау мен жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді.

Атқарушы комитетініӊ төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысыныӊ орынбасары Қонысбек Жүсіпбеков, отырыстыӊ жүргізушісі - Армения Республикасы мәдениет министрініӊ орынбасары Артур Погосян шара қатысушылары мен қонақтарына арналған құттықтау сөз сөйледі.

Екі күнге созылатын Отырыс жұмысыныӊ негізгі бағыттары мәдени ынтымақтастықтыӊ даму жағдайы мен болашағы, мәдени байланыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардыӊ өзара әрекеттесуі, Достастық шеӊберінде мәдениет дамуыныӊ үрдістері мен ерекшеліктерін зерттеу және т.б. қамтиды.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы, Молдова Республикасы, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Изірбайжан Республикасы және Ресей Федерациясыныӊ өкілдері, сонымен қатар ТМД Атқарушы комитеті мен Халықаралық Дельфи комитетініӊ өкілдері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны