07.04.2014, 19:26 3047

Астанада Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 150 мың теңгеден беріледі

Астанада Жеңіс күніне орай 258 Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедекке 150 мың теңгеден беріледі.

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan today. Астанада Жеңіс күніне орай 258 Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедекке 150 мың теңгеден беріледі.

Қала әкімдігінің ресми порталы хабарлағандай, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 150 мың теңгеден беріледі.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарында мәртебесi берiлген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдер бойынша теңестiрiлген адамдарға 20 мың теңгеден төленеді", деп хабарлады ведомстводан.

Оған қоса, соғыс жылдардағы тыл еңбеккерлері, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына 10 мың теңгеден беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны