15.03.2007, 20:17 2776

Астанадағы автобус жүргізушісіннің кінәсінан болған жол көлік оқиғасынан екі бала қайтыс болған апатқа дейін оны көлік жүргізу құқығынан айыруға тиіс болатын

АСТАНА. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Астанада 10-наурызда автобус жүргізушісінің кінәсінан болған жол көлік оқиғасынан екі бала қайтыс болған апатқа дейін оны көлік жүргізу құқығынан айыруға тиіс болатын. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының тергеу комитетенің анықтау жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы Мейірхан Тұрғаев хабарлады.

"Скания" автобусы мен "КамАЗ жүк көлігінің соғылуы дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында, автобус жүргізушісіне қатысты барлық мәліметтер, соның ішінде Астана қаласының жол полициясы басқармасының әкімшілік заң бұзушылықтар жөніндегі банкінен мәліметтер алынған болатын",- деді М. Тұрғаев. Оның ақпараттарына сүйенсек, Жорабаев 2006 жылдың мамыр айынан бері жол қозғалыс ережесін 6 рет бұзып, екі рет жол көлік оқиғасын жасаған.

"Жол полициясының қызметкерлері бұл жүргізушіні әкімшілік жауапқа тарту үшін арнаулы әкімшілік сотқа үш рет материалдар жіберген. Бірақ, үш ретте де оны жүргізуші құқығынан айыру керек болса да, оған тек айыппұл салумен шектелген",- деп атап көрсетті басқарма бастығы.

Ол, сондай-ақ, автобус жүргізушісінің кінәсі қылмыстық істі тергеудің бірінші кезеңінде, оқиға орнын қарау хаттамасымен және фотосуреттермен дәлелденеді. "Оқиға куәлері мен куәгерлердің берген жауаптары, автобустың аса жоғары жылдамдықпен жүргенін және де осыған байланысты ол жол қиылысында айналып үлгермей қалғандығын көрсетіп отыр",- деп қосты М. Тұрғаев.

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, Жорабаев қазіргі уақытта Астана қаласының Ішкі істер департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-тармағында (байқаусызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған, жол қозғалысы ережесін бұзу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айып тағылуда.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Астанада "Скания" маркалы маршруттық автобус жүргізушісі "КамАЗ" жүк көлігімен соғылған, соның салдарынан екі бала оқиға орнында қайтыс болып, алты адам, оның ішінде 7 мен 9 жас аралығындағы бес бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны