08.10.2009, 13:22 1762

Астанадағы баға тек қала тұрғындарын ғана емес, қала қонақтарын да таңдандыруда - Назарбаев

Астанадағы баға тек қала тұрғындарын ғана емес, қала қонақтарын да таңдандыруда - Назарбаев

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының пайымдауынша, Астанадағы баға тек қала тұрғындарын ғана емес, қала қонақтарын да таңдандыруда. Бұл туралы ол бүгін Астана қалалық әкімдігінде өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қонақүйлер мен мейрамханалардағы баға тек қала тұрғындарын ғана емес, қала қонақтарын да көптен бері таңдандыруда ", - деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Елордасындағы мекемелердің бағасы орта тапқа, "яғни, Елордасына келетін халықтың басым бөлігіне бағытталуға тиіс".

"Ирине, біз бағаны бұлайша белгіле деп бұйрық бере алмаймыз, бірақ бұл Астанада бәсекелестікке қатысты мәселенің бар екенін көрсетеді", - деді президент.

Н. Назарбаев Астанадағы қонақ үйлердің қызметіне қойылған бағаға қатаң сын айтты. "Халықаралық сарапшылардың пікірінше, орташа дәрежедегі қонақ үйдегі баға ең төменгі қажетті қоржынымен 80 - 100 доллардан жоғары болмауға тиіс. Бұл туристерді тартудағы басты ұрымтал тұстардың бірі", - деді мемлекет басшысы.

"Олай болса, қала бізге осындай қонақ үй сала ала ма? Шетелдіктер әдетте елдің ерекшеліктерін артықша білгісі келеді, ал басқасының бәрін олар көрген",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны