09.04.2010, 16:41 3262

Астанадағы Балалар үйінің бас дәрігерінің үстінен ірі көлемдегі қаржы ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астанадағы Балалар үйінің бас дәрігерінің үстінен ірі көлемдегі қаржы ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Астанадағы Балалар үйінің бас дәрігерінің үстінен ірі көлемдегі қаржы ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Андрей Лукин online-конференция кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың 24 наурызында Астана қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті Мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы бас дәрігері Алма Бергенованың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-шы бабының (сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу) 3-тармағының "г" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғады ", - деді А. Лукин.

Оның айтуынша, "Балалар үйінің бас дәрігері қызметінде 1997 және 2009 жылдар аралығында ол әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқарып, мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті тұлғаға теңестірілген". "Қылмыстық іс материалдары бойынша анықталғандай, ол қызмет бабын пайдалану арқылы өзіне сеніп тапсырылған 1 млн 809 мың теңгеден астам қаражатты, яғни, ірі көлемдегі қаражатты ұрлаған. Қазір бұл қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны