14.06.2017, 13:58 3642

Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне 100 австриялық инвестор мен бизнесмен келді

Австрия ТМД елдеріндегі ірі инвестор болып табылады. Қазақстанда 50-ден артық австриялық кәсіпорынныӊ өкілдіктері бар, ал Ресей Федерациясы аумағында 400-ден астам австриялық кәсіпорын өз қызметін жүргізуде.

Астана. 14 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 13 маусымында Астанада жүз австриялық менеджер мен инвестор қатысқан ТМД бизнесмендерініӊ ірі аймақтық форумы болып өтті. Конференцияныӊ негізгі мақсаты ТМД аумағында экономика мен бизнестіӊ даму келешегі мен трендтерін талқылау болды және Қазақстан экономикасыныӊ өсу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды, өйткені шара Астанада "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында өтіп жатыр.

Австрия ТМД елдеріндегі ірі инвестор болып табылады. Қазақстанда 50-ден артық австриялық кәсіпорынныӊ өкілдіктері бар, ал Ресей Федерациясы аумағында 400-ден астам австриялық кәсіпорын өз қызметін жүргізуде.

- 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанында ТМД-дағы Австрия экспортыныӊ жалпы көлемі 33%-ға өсті. Ал 2016 жылы осы елдерге экспорттау 2.8 млрд евроны құрады. Қазіргі таӊда Қазақстанныӊ Австрия экономикасыныӊ экспорттық мақсаттары бойынша 51-ші орында тұрғанын ерекше атап өткен жөн - 2016 жылы экспорт көлемі 225 миллион евроны құрады. Қазақстан Австрияныӊ Орталық Азиядағы еӊ үлкен сауда серіктесі болып табылатыны даусыз, - деп, Алматыдағы Австрия елшілігініӊ Сауда кеӊесшісі Михаэль Мюллер түсініктеме берді.

Конференция жұмысыныӊ барысында ТМД-ныӊ жетекші бизнесмендері, халықаралық және австриялық сарапшылар мен БАҚ өкілдері "Бір белдік, бір жол" Қытай инвестициялық жобасы шеӊберінде жаӊа Жібек жолында экономикалық өсу үшін алғышарттарды, ТМД елдерініӊ экономикасын қалай салыстыру (бизнес-рейтингтер құру арқылы) мәселелерін қоса алғанда, халықаралық қатынастар шеӊберінде өсудіӊ жаӊа мүмкіндіктері, экономикалық дамудыӊ негізгі факторлары қандай, сонымен қатар, ТМД жаӊа технологиялық революцияға дайын ба деген сияқты мәселелердіӊ талқыланғаны есте қаларлық.

Қорытындылай келе, австриялық технологиялардыӊ Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесініӊ басты павильонын құру үшін де қолданылғанын ерекше атап өткен жөн. Сфераныӊ бір бөлігі ERTEX SOLAR компаниясыныӊ 380 күн панельдерін қолдану арқылы жасалған, олар жарықтандыру және желдету жүйелерініӊ тиісті түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, геометриялық кешенді қасбеттердіӊ есептеулері EVOLUTE веналық компаниямен жүргізілген, ал EXPO City Astana сумен жабдықтау жүйесін қамтамасыз ету үшін беріктігі жоғары шойыннан жасалған 1,5 километр құбырды TIROLER ROHRE компаниясы жеткізді.

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Австрияныӊ өз павильонына қатысты айтатын болсақ, ол күтпеген, креативті және ойын түрінде ұсынылған, сондай-ақ, бірнеше аймаққа бөлінген. Экспозиция әрқайсысы жаӊартылған энергия көздерімен байланысты инновациялардыӊ жиынтығымен келушілерді қарсы алады. Мысалға, Австрия туралы бейнені көру үшін павильон қонақтарына бірнеше велосипедті бірге айдау ұсынылады. Ал Австриялық павильонныӊ жаны күш машинасы деп аталатын машина болып табылады, онда әр түрлі құрылғылар мен тетіктердіӊ көмегімен келушілер ойын түрінде энергияны сезіне алады. Austrian Power Machine әр қонақтыӊ қабілеттері мен мүмкіндіктерін жеке-жеке ашады және, осылайша, Австрияныӊ бүкіл әлеуетін шығармашылық түрде ұсына отырып, өзініӊ ноу-хауымен, технологияларымен және өнерімен барлық келушілерге әсер қалдыру арқылы энергияға ұқыпты қарауды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны