25.01.2008, 14:34 1676

Астанаға кіре берісте есірткі тасымалын жолға қоюшы ұсталып, сегіз килограмм героин тәркіленді

Астанаға кіре берісте есірткі тасымалын жолға қоюшы ұсталып, сегіз килограмм героин тәркіленді

Астана. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Астанаға кіре берісте есірткі тасымалын жолға қоюшыны ұстап, сегіз килограмм героин тәркіледі, деп хабарлайды агенттік ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""Астана - есірткісіз қала" өңірлік бағдарламасының аясындағы оперативтік шара барысында ҰҚК қызметкерлері жол полициясы басқармасының "Рубеж" бекетінде Астанаға кіре беріс жолда Астана тұрғыны болып табылатын өткізу базасының ұйымдастырушысын ірі көлемдегі есірткімен ұстады. Оның көлігін тексеру барысында құпия қоймадан сегіз килограмм героин табылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл есірткінің бір бөлігін Қазақстан Елордасында, ал қалған бөлігін Ресейде сату межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны