08.10.2009, 16:08 3046

Астананың көптеген тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің төлемін төлеу бас ауруына айналды - президент

Астананың көптеген тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің төлемін төлеу бас ауруына айналды - президент

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының пайымдауынша, Астананың көптеген тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің төлемін төлеу "қорқынышты бас ауруына" айналды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астана қалалық әкімдігінде өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қала тұрғындарының басым бөлігі үшін коммуналдық қызметтердің төлемін төлеу "қорқынышты бас ауруына" айналды. Адамдар бірнеше сағат бойы, бірнеше күн бойы тар бөлмелерде тыпырлап, уақыттарын зая кетіруге мәжбүр. Қала басшылығы осы мәселемен шұғылдануы қажет. Біздің әлгі Халыққа қызмет көрсету орындарымыз қайда? Мен бұл мәселемен тығыз шұғылданып, қысқа мерзімде мұндай жағдайды түбегейлі жақсартуды сұраймын. Төлемді төлеу үшін адамдар кезекке тұрады деген не сөз? Басқа елдерде ақшаны төлете алмай жатса, бізде ақшаны төлеудің өзі қиямет-қайым ", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы сонымен бірге Астанадағы баға саясатында батыстағы қалаларға еліктемеу керектігін атап өтті.

"Қаладағы баға саясатын қайта қарау керек. Мәскеуде, Лондонда, Берлинде болса - жағдай басқаша. Ал Астананы олармен салыстыруға болмайды ғой", - деді президент.

Сондай-ақ, Н. Назарбаев азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіндегі баға саясатын да қайта қарауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны