27.05.2009, 13:04 1329

Астананың құрылыс басқармасының бастығына бюджеттің 91 млн теңгесін ұрлады деген айып тағылды - қаржы полициясы

Астананың құрылыс басқармасының бастығына бюджеттің 91 млн теңгесін ұрлады деген айып тағылды - қаржы полициясы

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астананың құрылыс басқармасының бастығы Ерекболат Қабылдинге лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдаланды және бюджет қаржысын ұрлады деген айып тағылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Агенттік Астананың құрылыс басқармасының бастығы Ерекболат Қабылдинге лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдаланды және бюджеттің 91 млн теңгесін ұрлады деген айып тағылды", - деді М. Жұманбай.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) қызметкерлері 16 сәуірде Астана қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы Ерекболат Қабылдинді тұтқындады.

Сондай-ақ, аталған бюджет қаржысын ұрлады деген айып "Квартирное бюро" АҚ-ның басшысы Еркін Түктібаев пен "Қарағанды Бақыт-мұнай" ЖШС басшысы Исет Жаныбаевқа да тағылған.

М. Жұманбайдың айтуынша, ол екеуі де үй қамауда отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны