25.05.2020, 17:57 6197

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айтты

- Жантүршігерлік апатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақпын. Қаза қайырлы болсын. Жаратқан марқұмдардың жатқан жерін жайлы етсін. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, - делінген жеделхатта.

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Карачи қаласындағы "Джинна" халықаралық әуежайы маңында жолаушылар ұшағының апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты Пәкістан Президенті Ариф Алви мен сол елдің халқына көңіл айту жеделхатын жолдады.

- Жантүршігерлік апатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақпын. Қаза қайырлы болсын. Жаратқан марқұмдардың жатқан жерін жайлы етсін. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны