25.03.2019, 21:36 8438

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Кездесуде Қазақстан Президентіне сот жүйесін жаңғырту барысы жөнінде баяндалып, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы міндеттердің орындалуы туралы есеп берілді.

Нұр-Сұлтан. 25 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Қазақстан Президентіне сот жүйесін жаңғырту барысы жөнінде баяндалып, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы міндеттердің орындалуы туралы есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды және халықтың сот билігіне сенімін арттыруға бағытталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны