26.03.2012, 13:47 3836

Атырау қаласының бұрынғы әкімі уақытша тергеу абақтысына қамалды

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, қазіргі уақытқа дейін "Аджип ККО" компаниясында жұмыс істеген С. Нақпаев Батыс Қазақстан облысы мен РФ Орынбор облысының шекарасында ұсталды. Кейін ол Атырауға жеткізілді.

Атырау. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Атырау қаласының бұрынғы әкімі, кейін облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Сәлімжан Нақпаев тергеу абақтысына қамалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, қазіргі уақытқа дейін "Аджип ККО" компаниясында жұмыс істеген С. Нақпаев Батыс Қазақстан облысы мен РФ Орынбор облысының шекарасында ұсталды. Кейін ол Атырауға жеткізілді.

Тергеу органдары С. Нақпаевты не үшін қамауға алғандарын түсіндірмей отыр. Дегенмен жоғары шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жіберілгені мәлім. Оған ешқайда кетпеу жайында қолхат берілген, бірақ оның шекара аспақ болған әрекеті үшін ұсталуы мүмкін деген болжам жасалып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны