23.10.2007, 14:32 3357

Атырау облысында есірткі сатушы топ құрықталды

Атырау облысында есірткі сатушы топ құрықталды

Астана. 23-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында есірткі тасымалдаумен және сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Топ мүшелері героинді көлікпен тасымалдаған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымына бақылау жасау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, облыстың ішкі істер департаментінде көлік құралымен героин тасымалдаумен айналысқан топ мүшелерін анықтауға қатысты іс-шара біраз уақыттан бері жалғасқан.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте жүргізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде топтың іс-әрекеттерінің жолы кесіліп, оның мүшелері құрықталды, олардан 400 грамнан астам героин, 2,5 кг жуық гашиш, "ИЖ-78-8" газ тапаншасы тәркіленген. Қазіргі уақытта аталмыш қылмыстыңқ топтың басқа да мүшелерін анықтауға қатысты іс-шаралар кешені жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны