19.10.2009, 15:21 3189

Атырау облысында көпірдің құлау дерегі бойынша "Трансстроймост"АҚ басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында көпірдің құлау дерегі бойынша "Трансстроймост"АҚ басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырау. 19 қазан. Kazakhstan Today - Атырау облысында шала салынған көпірдің құлауы салдарынан сегіз құрылысшының қаза табу дерегі бойынша "Трансстроймост"АҚ басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Атырау облыстық ІІД төрағасының орынбасары Шалқарбек Есенғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шалқарбек Есенғалиевтің хабарлауынша, қазір аяқталып келе жатқан сот- техникалық сараптама қорытындысы бойынша, келтірілген шығынның көлемі анықталады, соның нәтижесіне сәйкес қаза тапқан құрылысшылардың отбасына берілетін материалдық өтемақының көлемі белгіленеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 245-ші бабы (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекет) бойынша қылмыстық іс қозғалып, мердігер ұйымның бірқатар жетекшілері жауапкершілікке тартылмақшы.

ІІД ақпаратына сәйкес, көпір құлаған кезде оның үстінде болған бір құрылысшыының мәйіті әлі де іздестіріліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны