15.05.2013, 15:10 6038

Атырау полициясы Царнаевты қолдап листовка таратқандарды іздеп жатыр

"Кеше патруль-бекеті қызметінің қызметкерлері Орал жағалауынан сондай екі листовка тапты", деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Атырау. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Атырау полициясы Царнаевты қолдап листовка таратқандарды іздеп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырауда біреулер Бостонда теракті жасады деген күдікпен ұсталған Жохар Царнаевты қолдап листовка ілген.

"Кеше патруль-бекеті қызметінің қызметкерлері Орал жағалауынан сондай екі листовка тапты", деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Оның айтуынша, полиция листовкаларды алып тастаған, қазір оны дайындап таратқандар іздестірілуде.

Д.Царнаевқа 2013 жылы 15-сәуірде Бостонда марафон кезінде теракті жасады деген күдік келтірілген. Ол 19-сәуір күні ұсталды, арнайы операция барысында оның ағасы Тамерлан Царнаев қаза болды, тергеу версиясына орай, оның да теракті ұйымдастыру мен жасауға қатысы болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны