18.06.2013, 12:09 2880

Атырауда Каспий шельфін дамыту мәселесі талқыға салынады

Атырау қаласында 19-20 маусым аралығында III халықаралық мұнай-газ конференциясы және "Каспий шельфінің дамуы" көрмесі өтеді.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Атырауда Каспий шельфін дамыту мәселесі талқыға салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырау қаласында 19-20 маусым аралығында III халықаралық мұнай-газ конференциясы және "Каспий шельфінің дамуы" көрмесі өтеді.

"Каспий теңізіндегі шельфтік кен орындары жобасын сәтті әзірлеуге арналған заманауи технологиялар" форумның басты тақырыбына айналмақ.

Атырауда ірі мұнай-газ операторларының өкілдері, саланың басты сарапшылары, халықаралық ұйымдар мен Каспий маңы елдері мемлекеттік органдарының өкілдері бас қосады деп күтілуде. Алғашқы күні каспийлік шельфтегі мұнай-газ саласын стратегиялық дамытудағы соңғы жетістіктер, шельфті игерудегі экологиялық қауіпсіздік мәселелері, технологиялық инновациялар талқыға салынбақ. Жиынның екінші күні Каспийдегі өңірлік жобаларға арналады. Оның ішінде Қазақстан мен Түркіменстанда шельфтік кен орындарын әзірлеу, барлаудың инновациялық технологиялары және Каспий теңізінің ресейлік секторындағы шельфтік кен орындарын игеру бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны