17.12.2018, 15:27 5880

Атырауда мамандандырылған ХҚО ашылды

Енді атыраулықтар да жүргізуші куәлігін алу және көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді зәулім ғимаратта алып, теориялық және тәжірибелік емтихандарды арнайы жабдықталған бөлме мен автодромда автоматтандырылған жүйе бойынша тапсыру мүмкіндігіне ие болды.

Атырау. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Атырау облыстық әкімдігі және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын ашты. Салтанатты іс-шараға Атырау облысыныӊ әкімі Нұрлан Ноғаев, мемлекеттік корпорацияныӊ төрағасы Абылайхан Оспанов және облыстық полиция департаментініӊ басшысы Аян Дүйсенбаев қатысты.

"Қазақстандағы еӊ алғашқы мамандандырылған ХҚО 2012 жылы Қарағандыда ашылған болатын. Бүгін біз Атырау өлкесінде де автожүргізушілерге арналған орталық ашу арқылы Қазақстанныӊ барлық аймағын мамандандырылған ХҚО-мен қамтамасыз ету жобасын сәтті жүзеге асырғанымызды ерекше атап өткім келеді. Қазір елімізде 16 МХҚО мен осы бағытта жұмыс істейтін 5 сектор бар", - деді Абылайхан Оспанов.

Енді атыраулықтар да жүргізуші куәлігін алу және көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді зәулім ғимаратта алып, теориялық және тәжірибелік емтихандарды арнайы жабдықталған бөлме мен автодромда автоматтандырылған жүйе бойынша тапсыру мүмкіндігіне ие болды.

"Халықтыӊ игілігі үшін салынған бұл орталықтыӊ көлемі 2 жарым мыӊ шаршы метрді құрайды. Қажетті қызметтердіӊ барлығын осы ғимараттан шықпай-ақ, екі сағаттыӊ ішінде алуға болады. Мұнда біздіӊ 32 жұмысшымен қатар әкімшілік полициясы және медицина мамандары да қызмет көрсетеді, сондай-ақ төлем қабылдайтын кассалар да бар", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" Атырау облыстық филиалыныӊ директоры Мұса Хайруллиев.

Мамандандырылған ХҚО Атырау-Астрахань тасжолыныӊ бойындаСолтүстік өндірістік аймағы, 69 мекенжайында орналасқан.Дүйсенбі-сенбі аралығында сағат таӊғы 9.00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейтін жаӊа орталықтыӊ ашылғанына облыс тұрғындары да дән риза.

"Бұрын көлігімізді тіркеу үшін бір күн бойы әбігерленіп жүруші едік, енді бұл шаруаны екі сағаттыӊ ішіндетындыра аламыз. Бұл өте ыӊғайлы және тиімді. Халыққа осындай қолайлы жағдай жасап жатқан Елбасымызға және "Азаматтарға арналған үкіметке" үлкен алғыс білдіремін",- дейді қала тұрғыны Абылай Сағымбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны