26.09.2023, 14:54 38791

Аудит Kazakh Tourism-дегі заң бұзушылықтар 1,5 млрд теңгені құрағандығын анықтады

Жоғары аудиторлық палата "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-ға қазақстандық туризмді ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметінен.

Жалпы, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1 558,6 млн.теңгеге бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, оның ішінде:

- 919,4 млн.теңге сомаға активтерді тиімсіз пайдалану;

- 546,9 млн.теңге сомаға бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;

- қызметтердің құнын асыра бағалау - 76,7 млн.теңге;

- орындалмаған жұмыстар мен қызметтердің көлемі - 11,3 млн.теңге;

- негізсіз төленген жалақы - 4,3 млн.теңге;

Аудит барысында бюджетке 88 млн теңге өтелді, кәсіпорын кірісіне 1,3 млн теңге қалпына келтірілді, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану үшін Туризм және спорт министрлігінің вице-министріне қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚтК-нің 234-1 бабы бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды.




 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны