15.02.2017, 20:56 4696

Иуелхан Тұрғынбеков Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі аппаратыныӊ басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ келісімі бойынша Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ өкімімен облыс әкімі аппараты басшысы лауазымына Иуелхан Елтайұлы Тұрғынбеков тағайындалды.

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев әкім аппаратыныӊ басшылық құрамы мен басқарма басшыларына жаӊа тағайындалған аппарат басшысын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ келісімі бойынша Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ өкімімен облыс әкімі аппараты басшысы лауазымына Иуелхан Елтайұлы Тұрғынбеков тағайындалды.

Облыс әкімі аппаратыныӊ алдында тұрған шешілуі тиіс мәселелерге тоқталған өӊір басшысы тағайындалған аппарат басшысына жаӊа міндеттер жүктеді.

"Иуелхан Елтайұлыныӊ осыған дейін де облыс әкімі аппараты басшысы болғанын білесіздер, сондықтан оныӊ жинақтаған мол тәжірибесі алдағы жұмысына үлкен көмегі тиетін болады. Осыны ескере отырып, облыс әкімі аппараты қызметіндегі өзекті мәселелерге тереӊ талдау жасап, жұмыстыӊ тиімділігін қамтамасыз ету, кадрлық құрамды нығайту және тәртіпті күшейтуді. Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау іс-шараларын жоғары деӊгейде ұйымдастыруды. Президент Икімшілігі, Премьер-Министр Кеӊсесі және өзге де жоғары органдардан келіп түсетін тапсырмалардыӊ, облыс әкімі тапсырмаларыныӊ уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді. Аудан әкімдері мен облыстық басқармалардыӊ арасында өзара іс-әрекеттестік деӊгейін арттыруды тапсырып, осы жұмыстарды тиісті деӊгейде іске асыратыныӊа сенім білдіремін",-деді әкім.

Иуелхан Елтайұлы 1959 жылы 29 қазанда Оӊтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-механик, инженер-экономист.

Еӊбек жолын 1981 жылы Шымкент облысы?Ленгір ауданы "Сельхозтехника" өндірістік бірлестігініӊ аға инженер-технологы ретінде бастаған.

Кейін аудандық және облыстық комсомол ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдарда басшылық қызметтерде еӊбек етіп, Төлеби, Шардара, Сайрам аудандарыныӊ әкімі, "Нұр Отан" партиясыныӊ облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

2016 жылдыӊ тамызынан бастап осы күнге дейін Түлкібас ауданыныӊ әкімі болып қызмет атқарды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны