18.09.2017, 16:31 4008

Автралия компаниясы СҚО-да геобарлау жұмысын бастады

Геобарлау кезiнде минералды құм табылса, сол жерге оны өӊдейтiн зауыт салынатын болады.

Петропавловск. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданға жұмыс сапары барысында "Iluka Exploration Kazakhstan" ЖШС тау-кен өндiрiсi компаниясыныӊ жұмысымен танысты.

"Iluka минералды құмдарды iздеумен және зерттеумен айналысатын трансұлттық компания. Ол әлемдегi цирконий және рутил өндiретiн iрi серiктестiк. Биылғы жылдыӊ жазында бiз кездесiп, өӊiрде геобарлау жұмысыныӊ жоспарын талқылаған болатынбыз",-дедi Құмар Ақсақалов.

Компанияныӊ бас директоры Тони Торнтон өӊiр басшысына зерттеу қалай жүргiзiлiп жатқанын айтып бердi.

"Қазiр бiз Солтүстiк Қазақстанға жұмылып отырмыз. Қостанай облысындағы жұмысты таяуда ғана аяқтадық. Бiздiӊ компания минералды құмдарды зерттеудi, жобалар әзiрлеудi, өндiрiстi, маркетингтi жүзеге асырады және жұмыс жүргiзiлген аумақты қалпына келтiредi",-дедi Тони Торнтон.

Облыс әкiмi алғашқы нәтиже қашан белгiлi болатындығына қызығушылық бiлдiрдi. Тони Торнтонныӊ сөзiне қарағанда, нәтиже қысқа қарай белгiлi болмақ. Геобарлау кезiнде минералды құм табылса, сол жерге оны өӊдейтiн зауыт салынатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны