03.06.2019, 21:55 10809

Қазақстан - Қырғыз шекарасында БҰҰ Өңірлік өкілдігінің шекаралық өзара іс-қимыл офисі ашылды

Шекаралық бақылау мамандарын дайындау бойынша "оқу сыныбы" түріндегі Шекаралық өзара іс-қимыл офисі "Ауғанстаннан солтүстік бағыт арқылы келетін апиын текті есірткіге негізгі тексеріп-өткізу пункттерінің әлеуетін арттыру арқылы қарсы тұру" Бағдарламасының құрам бөлігі ауқымында, Жапония үкіметінің қаржыландыруымен жүзеге асырылды.

Нұр-Сұлтан. 3 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан - Қырғыз шекарасында елеулі оқиға орын алды - Біріккен ұлттар ұйымы Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс бойынша басқармасы Өңірлік өкілдігінің шекаралық өзара іс-қимыл офисі ашылды. Оның ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің Директоры генерал-майор Дархан Ділманов, БҰҰ ОА ЕҚБ Өңірлік өкілі Ашита Миттал, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік Шекара қызметінің Төрағасы полковник Ұларбек Шаршеев, Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігі Саяси бөлімінің басшысы Хидэаки Ямадзуми және БҰҰ ОА ЕҚБ халықаралық координаторы Юсуф Құрбонов қатысты.

Шекаралық бақылау мамандарын дайындау бойынша "оқу сыныбы" түріндегі Шекаралық өзара іс-қимыл офисі "Ауғанстаннан солтүстік бағыт арқылы келетін апиын текті есірткіге негізгі тексеріп-өткізу пункттерінің әлеуетін арттыру арқылы қарсы тұру" Бағдарламасының құрам бөлігі ауқымында, Жапония үкіметінің қаржыландыруымен жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің БҰҰ ОА ЕҚБ Өңірлік өкілдігімен бүгінгі күнге қол жеткізген өзара қарым-қатынасының деңгейі Мемлекеттік шекарада туындайтын мәселелерді шешуге толық мүмкіндік береді. Басқарманың Өңірлік өкілдігі тарапынан ТМД елдерінде осындай дайындық офистерін ашу және оларды техникалық құралдармен, қажетті бағдарламалармен жабдықтау, оқыту тренингтерін, семинарлар өткізу және шекарадағы жағдай төңірегінде өзара ақпараттармен алмасу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұның барлығы ең бастысы, ел шебіндегі құқық бұзушылықтың алдын алуға, оларға дер кезінде тойтарыс беруге ықпал етеді. "Оңтүстік" өңірлік басқармасының Қордай шекара отрядына қарасты "Қордай" шекаралық бақылау бөлімі де осы атқарылған жұмыстың нәтижесінде шекаралық өзара іс-қимыл сыныбымен, ақпараттық постерлермен, техникалық құралдармен, ақпараттық қамтамасыздықпен және жүктер мен қол жүктерін интуитивтік тексеруге арналған "Астрофизикс" рентген-телевизиялық қондырғысымен толықты.

Генерал-майор Д. Ділманов БҰҰ Өңірлік өкілдігіне, Жапонияның Қазақстандағы елшілігі өкілдеріне өзінің ризашылығын жеткізіп, өзара іс-қимылдың жемісті боларына сенімін білдірді.

Шараның ресми бөлігінен кейін қатысушылар жаңа офистің жұмысымен және өткізу пунктінің жалпы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны