14.09.2023, 16:17 30416

Қазақстан аумағында заңсыз көші-қон арналары анықталды

Алдын ала мәліметтер бойынша бұл арна шетелдік жұмысшыларды республикадағы еңбек қызметіне тиісті рұқсатсыз тарту үшін пайдаланылған
ҰҚК шетел азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, 2023 жылғы 9 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері заңсыз көші-қон арнасының жұмыс істеуіне жалпы қамқорлық жасауы үшін лауазымды тұлғаға пара берді деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.

Алдын ала мәліметтер бойынша бұл арна шетелдік жұмысшыларды республикадағы еңбек қызметіне тиісті рұқсатсыз тарту үшін пайдаланылған.

Пара нысаны ретінде 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алынды.

Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде жасалған пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны