23.04.2025, 11:05 42266
Қазақстанда алғаш рет ұлттық кітап күні аталып өтілуде
Достарға айту
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.
"Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл - білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады", - делінген құттықтауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
07.08.2026, 19:57 23481
Тоқаев: Солтүстік Қазақстан - еліміздің астықты аймағының бірі саналады
Достарға айту
Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан еліміздің астықты аймағының бірі саналады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларды құттықтауында мәлім етті, деп хабарлайды Ақорда.
"Аймақта ауыл шаруашылығымен қатар өңдеу өнеркәсібі, машина жасау салалары қарқынды дамып келеді. Инвестициялық жобалар қолға алынып, өндіріс орындары іске қосылды. Мұның бәрі халықтың тұрмысын жақсартып, өңірдің одан әрі өркендеуіне ықпал ететіні анық", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы - бүкіл әлемге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен әдебиет саласының аса көрнекті өкілдері, еңбек ардагерлері, көптеген құрметті тұлғалар, әйгілі спортшылар мен құқық қорғау саласының білікті мамандардың туған жері.
"Ата Заңды қабылдауға аймақ жұртшылығы да белсене қатысып, ауызбіршілік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Облыста түрлі этнос өкілдері өзара құрмет пен достық дәстүрін сақтап, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Берекелі өңір барлық жетістікке азаматтардың жасампаздық қуатының арқасында қол жеткізіп келеді. Сіздер алдағы уақытта да ел игілігін еселеуге атсалыса бересіздер деп сенемін", - деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 11:05 32676
Бектенов ЕАЭО-ны цифрландыруды жеделдетуге және өзара саудадағы кедергілерді жоюға шақырды
Достарға айту
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ақпараттық жүйелеріне жасанды интеллект технологияларын жедел енгізуді және одаққа мүше елдер арасындағы саудадағы шектеулерді жою жұмыстарын күшейтуді ұсынды. Бұл бастамаларды Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында айтты.
Оның сөзінше, әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, ЕАЭО елдерінің экономикалық өсімге әлеуеті жоғары. Сондықтан экономикалық ынтымақтастықты нығайту ерекше маңызға ие.
"Тауарлардың еркін қозғалысы - еуразиялық интеграцияның негізгі қағидаттарының бірі. Өзара сауда мүше мемлекеттердің экономикалық өсімінің маңызды факторы болып қала береді. Өткен жылы ЕАЭО ішіндегі тауар айналымы 95 млрд АҚШ долларын құрап, 3,5%-ға төмендеді. Алайда биыл бұл көрсеткіштің қайта өсіп, 7,3%-ға артып, 102 млрд долларға жетуі күтіледі", - деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр ЕАЭО аясындағы электрондық сауда туралы келісімге қол қоюды қолдап, Еуразиялық экономикалық комиссияны оны іске асыруға қажетті нормативтік-құқықтық актілерді жедел әзірлеуге шақырды.
Олжас Бектенов цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударды. Үкімет басшысы сауданы талдау, болжам жасау, жүк ағындары мен көлік бағыттарын оңтайландыру үшін жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануды ұсынды.
Сонымен қатар, ол ЕАЭО-дағы ортақ ақпараттық процестердің енгізілуі баяу жүріп жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда жоспарланған 79 процестің 50-і ғана іске қосылған, ал олардың 23-і ғана барлық мүше мемлекеттерде толық енгізілген.
"Комиссияға мүше мемлекеттермен бірлесіп ортақ процестерді енгізу жұмыстарын жеделдетуді және ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселесін пысықтауды ұсынамын", - деді Бектенов.
Премьер-министр Қазақстанның азық-түлік өнімдерін ЕАЭО елдерінің нарығына шығаруда кездесетін қиындықтарға да тоқталды. Оның айтуынша, 2025 жылы жануар және өсімдік тектес өнімдер мен дайын азық-түлік экспорты шамамен 7 млрд АҚШ долларын құраса, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында бұл көрсеткіш 3,6 млрд долларға жеткен.
"Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың негізгі бағыттарының бірі - капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ортақ қаржы нарығын қалыптастыру. Осы жолдағы маңызды қадамдардың бірі - ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің брокерлері мен дилерлеріне басқа мүше мемлекеттердің қор биржаларындағы ұйымдастырылған сауда-саттыққа қатысуға мүмкіндік беретін келісімді қабылдау", - деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллект стратегиялық даму басымдықтары ретінде айқындалғанын еске салды. Елде Digital Kazakhstan - 2029 стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясындағы ең ірі жобалардың бірі - Екібастұзда дата-орталықтар алқабын құру. Алғашқы 125 МВт есептеу қуатын келесі жылдың маусым айында пайдалануға беру жоспарланған.
Сөз соңында Премьер-министр Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық ету кезеңінде экономикалық интеграцияны дамытуға және бірлестіктің тиімділігін арттыруға бейілді екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 10:33 33616
Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр
Достарға айту
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Еске салайық, кеше Еуразиялық үкіметаралық кеңестің тар құрамдағы отырысы өткен болатын.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов: "Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) органдарындағы төрағалығы аясында жасанды интеллектіні дамытуға, логистикалық хабтар құруға, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға, кедергісіз сауданы қамтамасыз етуге және сыртқы серіктестермен жаһандық диалогты дамытуға басымдық беріліп отыр. Бұл міндеттердің барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларына арнаған үндеуінде айқындалған. Бүгінгі отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілетін келісімдер осы мақсаттарды жүзеге асыруға және ЕАЭО аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін", - деп атап өтті.
Тар құрамдағы отырыста ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ негізгі сауда серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар қатысушылар ЕАЭО елдерінің тауарларын жаңа нарықтарға шығаруға қолайлы жағдай жасау жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Премьер-министрі биыл мамыр айында Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшылары қол қойған агроөнеркәсіп кешенін қаржылай қолдаудың жаңа тетігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттырумен қатар, өзара сауданы дамытуға және бірлескен кооперациялық жобаларды ынталандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 10:14 33036
Ақмола облысында сумен жабдықтауға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 1,4 млрд теңге бөлінді
Сурет: Үкімет
Достарға айту
Елімізде Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысын жүргізуге Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бөлінген қаражат Бурабай ауданы мен Щучинск қаласында төрт инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін қарастырылған.
"Атап айтқанда, Бурабай ауданы Қатаркөл көлінің жанындағы балаларды сауықтыру орталықтарының су құбыры желілері жаңғыртылмақ. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мекемелерге коммуналдық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға және маусымдық жүктеме кезеңінде олардың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді", - деп жахады баспасөз қызметінен.
Бөлінген қаражаттың келесі бір бөлігі Щучинск қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін кешенді түрде жаңартуға жұмсалады. Атап айтқанда, магистральдық су құбыры желілерінің төртінші кезегін салу және реконструкциялау, су бұру нысандары мен желілерін жөндеу, сондай-ақ кварталдар ішінде кәріз тарту жоспарлануда.
Бұл шаралар жалпы алғанда Щучинск қаласы мен Бурабай ауданын одан әрі дамыту үшін коммуналдық тұрғыда заманауи негіз қалыптастырады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 17:55 51231
СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді
Преснов және Соколов су құбырларын пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған
Достарға айту
Арнаулы мемлекеттік қордан Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын реконструкциялауды аяқтауға 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен.
Преснов топтық су құбырын реконструкциялау жалпы саны 34,5 мың адам тұратын Есіл, Мамлют және Жамбыл аудандарындағы 43 елді мекенді сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінде 171 шақырым магистральдық су құбыры мен тарату желілері, сондай-ақ 46 шақырым ауылішілік су желілері тартылды. Суды жинақтауға, таратуға және қажетті су қысымын қамтамасыз етуге арналған қысым реттегіш құрылыстарын салу және жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Соколов топтық су құбырын реконструкциялау жұмыстары Қызылжар ауданындағы жалпы саны 4 мыңнан астам адам тұратын 10 ауылды қамтиды. Жоба аясында 59 шақырым тарату желісі мен 77 шақырым ауылішілік су желісі салынады.
"Преснов және Соколов су құбырларын пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған",- деп айтылған хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысында еліміздегі ең ұзын топтық су құбырлары желісі орналасқан - оның ұзындығы 3 мың шақырымнан асады және ол жалпы саны 175 мың адам тұратын 229 ауылды сумен қамтамасыз етеді. 2025 жылы Арнаулы мемлекеттік қордан аталған инфрақұрылымды дамытуға 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл 48 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 16:21 53256
Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Қатысушылар кедендік ынтымақтастық, азық-түлік қауіпсіздігі және теміржолдарды цифрландыру мәселелерін талқылауда
Достарға айту
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстанда өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) 47-отырысына қатысты.
Кездесуге Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин және Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев те қатысып жатыр, деп хабарлайды ТАСС.
Отырыс кіріспе бөлімін қоспағанда, бақылаушы елдер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінсіз шағын құрамда өтуде.
Қатысушылар кедендік ынтымақтастық, азық-түлік қауіпсіздігі және теміржолдарды цифрландыру мәселелерін талқылап жатыр.
Отырыс қорытындысы бойынша ЕАЭО аясында электрондық сауда туралы, брокерлер мен дилерлерді Одақ шеңберіндегі биржалық саудаға жіберу туралы, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ғылыми атақтарды өзара тану туралы үш келісімге қол қойылады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 15:56 54421
Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды
Сурет: JAQ.OrtCom
Достарға айту
JAQ.OrtCom жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы шетелдік әртістердің, спортшылардың және басқа да танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысы пайдаланылған саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны таралып жатқанын хабарлайды.
"Сайлау науқаны кезеңінде әлеуметтік желілерде жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалған жалған бейнероликтер және жарияланымдар жиі таралуда. Мұндай материалдарда жекелеген мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен саяси қайраткерлерге, оның ішінде өкілеттігін тоқтатқан бұрынғы депутаттарға қатысты жалған мәлімдемелер таңылуда",- деп айтылған хабарламада.
Бұған дейін сайлау үдерісіне нұқсан келтіру мақсатында қолдан жасалған құжаттар, жалған дәйексөздер, фейк аудиожазбалар мен кандидаттар атынан дайындалған материалдар пайдаланылып келді. Бүгінде бұл әдістер адамның бет-бейнесін, дауысы мен сөйлеу мәнерін дәл айнытпай қайталайтын дипфейк технологияларымен толықтырылуда.
Әдетте мұндай бейнематериалдар анонимді аккаунттар арқылы таратылады және оларды шұғыл бөлісуге шақыратын эмоциялық сипаттағы жазбалармен қатар жүреді. Сонымен қатар белгілі бір жағдайдың түпнұсқа бейнежазбасы ұсынылмайды, ал материалдың өзі саяси партиялардың, кандидаттардың ресми ресурстарында немесе тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбайды.
Орталық мамандары жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып жатқан кезеңде бейненің шынайылығына емес, ресми дереккөзге сенім артқан жөн деген кеңес береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 13:30 56401
16 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды
Достарға айту
ҚР Көлік министрлігі 16 тамыздан бастап Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру ақысын екі есе көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Көлік министрлігінің бұйрығына сәйкес, бір сағат ішінде жүріп өткен қашықтыққа қарамастан, жол жүру құны:
- жеңіл автомобильдер үшін - 0,14 АЕК (2026 жылы 605,5 теңге);
- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін - 0,16 АЕК (692 теңге);
- 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін - 0,28 АЕК (1 211 теңге);
- 32 және одан көп жолаушы орны бар автобустар мен жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін - 0,32 АЕК (1 384 теңге);
- жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін - 0,4 АЕК (1 730 теңге);
- жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемесі бар көліктер мен ершікті тартқыштар үшін - 0,44 АЕК (1 903 теңге) болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.08.2026, 09:56Қазақстан көршілес елдермен Сырдария мен Әмудария суын пайдалану мәселесін талқылады 08.08.2026, 11:23 13191Грекия Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендігін растады08.08.2026, 11:30 8166Қазақстан 10 елмен экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті08.08.2026, 11:12 7171Оралда жартылай дайындалған ет өнімдерін "жалған" сертификаттау дерегі анықталды08.08.2026, 21:45 3846Астана мен Афина энергетика мәселелерін талқылады
05.08.2026, 19:17 78161ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды04.08.2026, 18:35 63101AirAsia Алматыны Оңтүстік-Шығыс Азияның миллиондаған тұрғынына танытады04.08.2026, 18:34 60341Wildberries қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін қазақстандық сатушыларға өтемақы төлейді05.08.2026, 18:08 59726Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі заңбұзушылықтарға қатысты 27 қылмыстық іс қозғалды05.08.2026, 14:50 59236Құрық портында көтергіш-өтпелі көпірлерді жаңғырту жұмыстары аяқталды
24.07.2026, 17:33 105361АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99101Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97666Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 96846Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94711ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

