29.05.2026, 18:38 736

Қазақстанда жағармайды молекулалық таңбалау қарастырылуда

29 мамырда "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ алаңында Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиястің және Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтің қатысуымен отынның молекулалық таңбалау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.

Кеңеске Энергетика министрлігінің, Сауда және интеграция министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның, "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС-нің, сондай-ақ Сингапурдың Nanolumi компаниясының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар отын нарығының ашықтығын арттыруға, мұнай өнімдерінің айналымын бақылауды күшейтуге және отынның заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған цифрлық технологиялар мен мұнай өнімдерін молекулалық таңбалауды қолданудың халықаралық тәжірибесін қарастырды.

Nanolumi компаниясының өкілдері арнайы молекулалық маркерлерді пайдалануға негізделген технологиялық шешімді таныстырды. Бұл шешім отынның өндіріс пен импорттан бастап түпкілікті өткізуге дейінгі барлық қозғалыс кезеңдерінде сәйкестендірілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шет мемлекеттерде осындай шешімдерді енгізу тәжірибесі ұсынылды.

Кеңеске қатысушылар мұнай өнімдерінің айналымын мониторингтеу және бақылау тетіктерін жетілдіру үшін инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін, сондай-ақ мұндай шешімдерді саланың қолданыстағы процестеріне интеграциялау мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұсынылған тәсілдер бойынша пікір алмасты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ескере отырып пилоттық жобаны іске асыру жөнінде шешім қабылдады.

Энергетика министрлігі мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға және мұнай өнімдері нарығының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған заманауи технологиялық шешімдерді зерделеуді жалғастырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны