19.03.2020, 19:30 65888

Қазақстандықтарға мүгедектік бойынша жәрдемақы және асыраушысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдер түрінде 35 миллиардтан астам теңге төленді

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан осы әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға барлығы 6,2 млрд теңге көзделді.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстандықтарға мүгедектік бойынша жәрдемақы және асыраушысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдер түрінде 35 миллиардтан астам теңге төленді.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 35,2 млрд теңге сомасында мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер төленді.

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында республикалық бюджеттен мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 29 млрд теңге бөлінді.

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 523 115 адамды, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 164 191 адамды құрады.

2020 жылғы 1 наурызға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 43 940 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 36 464 теңгені құрады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан осы төлемдерді ала алады.

Бұл құқықты 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбек ету қабілетінен айырылған - 79 014 адам, асыраушысынан айырылған - 45 331 адам пайдаланды. Бұл ретте әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша - 24 804 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша - 24 881 теңгені құрады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан осы әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға барлығы 6,2 млрд теңге көзделді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны