15.10.2019, 19:56 14509

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына пара алды деп айып тағылды

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Нұр-Сұлтан. 15 қазан. Kazakhstan Today - "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына пара алды деп айып тағылды.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол ЖШС директорынан республикалық маңызы бар Р-26 "Омск-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі" автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу жүргізуді сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 2 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны