21.02.2011, 16:53 3953

Азиада аясында салынған спорт нысандарын тиімді пайдалану қажет

Бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін қорытындылаған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 7-қысқы Азия ойындары аясында салынған спорт нысандарын тиімді пайдалануды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін қорытындылаған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 7-қысқы Азия ойындары аясында салынған спорт нысандарын тиімді пайдалануды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша үкімет басшысы Ақ Азиада аясындағы спорт ғимараттарының салықшылардың қаражатына тұрғызылғандығын атап өтіп, осы нысандарды пайдалану тиімділігін барынша арттыруды міндеттеді.

"Біріншіден, арнайы сараптамадан кейін аталған спорт нысандарында ауқымды іс-шараларды өткізу арқылы оларды экономикалық жағынан барынша пайдалану қажет. Екіншіден, Ақ Азиада аясында салынған нысандарда қазақстандық азаматтардың спортпен айналысуын қамтамыз ету жұмысын ұйымдастыру керек. Негізгісі - бұл нысандар жай тұрмай, ондағы спорттық өмір қайнап тұруы міндет", - деді К.Мәсімов.

Бұл мәселе бойынша Үкімет басшысы ҚР Туризм және спорт министрлігі және ҚР Білім және ғылым министрлігіне бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны