13.05.2014, 20:38 1630

Б. Ибдірайым Иділет вице-министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Бақытжан Жарылқасынұлы Ибдірайым Қазақстан Республикасы Иділет министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Бақытжан Жарылқасынұлы Ибдірайым Қазақстан Республикасы Иділет министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бақытжан Ибдірайым 1965 жылы 13 мамырда туған. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың заң факультетін, аспирантураны және РҒА мемлекет және құқық институтының докторантурасын үздік бітірген. "Тұран" университетінің қаржы-экономикалық факультетін бітірген.

1984-1986 жылдары Қарулы Күштер қатарында қызмет етті. 1992-1993 жылдары Мемлекеттік арбитраждың экономикалық кеңесшісі және мемлекеттік арбитры қызметін атқарды. 1993-1995 жылдары Жоғары Арбитражды Сот судьясы, 1995-2002 жылдары Жоғарғы Сот судьясы, 2001-2002 жылдары Жоғары Сот Кеңестің мүшесі, Судьялар Одағының төрағасы, 2002-2006 жылдар Парламенттегі Президенті өкілдігінің басшысы. 2006 жылы Парламент Сенатының аппарат басшысы, 2006-2007 жылдары Ақмола технология және бизнес университетінің ректоры, 2007 жылы Жоғарғы сот жанындағы сот әкімшілік жөніндегі комитет төрағасы, 2007-2008 жылдары Парламенттегі Президент өкілдігінің басшысы. 2008-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, 2012-2013 жылдары "Искери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ президенті.

2013 жылдың 2 қазанынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болды.

Үйленген, 6 бала тәрбиелеп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны