13.06.2017, 14:49 3442

Байқоӊыр қаласы әкімшілігініӊ жаӊа басшысы тағайындалды

Байқоӊыр қаласында ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин мен РФ үкіметі төрағасыныӊ орынбасары Дмитрий Рогозин Байқоӊыр қаласы әкімшілігініӊ жаӊа басшысы Константин Бусыгинді таныстырды.

Қызылорда. 13 маусым. Kazakhstan Today - Байқоӊыр қаласында ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин мен РФ үкіметі төрағасыныӊ орынбасары Дмитрий Рогозин Байқоӊыр қаласы әкімшілігініӊ жаӊа басшысы Константин Бусыгинді таныстырды.

Константин Бусыгин 1965 жылдыӊ 11 желтоқсан күні Ташкент қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын заӊгер-халықаралық құқық маманы, "РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясы" жоғары кәсіби білім беру федералды мемлекеттік мекемесін тәмамдаған. Түрлі жылдары Мәскеу қаласындағы Солнцево басқарма басшысы, "Ижмаш" ҮЕҰ бас директоры, Мемлекеттік шекараны орнықтыру бойынша федералды агенттіктіӊ басшысы болып жұмыс істеген. Экономика ғылымдарыныӊ кандидаты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны