15.02.2008, 18:29 2742

Байқоңырдың құқық қорғау органдары тапсырыспен кісі өлтіру оқиғасының алдын алды

Байқоңырдың құқық қорғау органдары тапсырыспен кісі өлтіру оқиғасының алдын алды

Байқоңыр. 15-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдың құқық қорғау органдары тапсырыспен кісі өлтіру оқиғасының алдын алды. Қылмысқа тапсырыс беруші тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресей Федерациясының прокуратурасының жанындағы тергеу комитетінің ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Ресей Федерациясының прокуратурасының жанындағы тергеу комитетінің "Байқоңыр" кешені бойынша тергеу бөлімінің басшысы Михаил Захаровтың ақпаратына сүйенсек, кісі өлтіруге дайындалу және соған итермелеуге байланысты РФ ҚК 30, 33 баптары және 105 баптың екінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, қызметкерлердің бірі Байқоңыр қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының директорын өлтіруді жоспарлаған. Оған қызметкердің басшыға деген жек көрініші себеп болған.

Тапсырыс беруші өзінің бұрын сотталған туысынан істі орындаушыны тауып беруді сұраған. Істі директор Л. Ибілтарова сол кезде қызметтік ісапармен жүрген Мәскеу қаласында жүзеге асыруды жоспарлаған. Олар сонымен бірге, "тапсырыс" бағасын да келіскен (ресми емес ақпарат көздерінің мәліметтеріне сүйенсек, 6 мың АҚШ доллары), сондай-ақ, құрбан туралы ақпаратты да ұсынған.

Дайындалып жатқан қылмыс Байқоңырдың құқық қорғау органдарына мәлім болған. Мәскеу облысының қылмыстық тергеу бөлімшесімен бірлесе отырып операция жасалған. Осылайша, қылмыстың алды алынып, ол жүзеге аспады.

Тергеу мүддесіне сай оның жай-жапсары туралы толық мәлімет жарияланған жоқ. Бірақ, ресми емес көздерден қылмыстық келісімді ашу мақсатында құрбанның жалған өлімі жасалғандығы белгілі болды. Содан кейін ақшаны тапсырысты орындаушыға беру кезінде қылмысқа тапсырыс беруші тұтқындалған.

Қазіргі уақытта қылмысқа тапсырыс беруші қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны