11.02.2013, 14:09 3216

БАҚ генарал-майор Есетовтың өзіне өзі қол жұмсауын Шымкент маңындағы Ан-72 ұшағының құлауымен байланыстырып отыр

ҰҚК шекара қызметі академиясының өзіне қол салған басшысы Талғат Есетов Украинаның "Укрспецэкспорт" компаниясы қызметкерлерінің араласуымен болған жемқорлық дау-дамайға қатысы болуы мүмкін.

Астана. 11-ақпан. Kazakhstan Today - БАҚ генарал-майор Есетовтың өзіне өзі қол жұмсауын Шымкент маңындағы Ан-72 ұшағының құлауымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҰҚК шекара қызметі академиясының өзіне қол салған басшысы Талғат Есетов Украинаның "Укрспецэкспорт" компаниясы қызметкерлерінің араласуымен болған жемқорлық дау-дамайға қатысы болуы мүмкін.

Бүгін қазақстандық "Мегаполис" газеті мәлімдегендей, арнайы комитет қызметкерлері генерал Есетов Шекара қызметі директорының орынбасары болған кезде Шымкент маңында 25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Ан-72 ұшағын жөндеуден өткізу туралы "Укрспецэкспорт" компаниясымен келіссөздер жүргізген деген тағы бір болжамды қарастыруда.

"Ұшақ тек қағаз жүзінде жөндеуден өткен сыңайда. Астана ұсталған украиндық компания өкілдері осы шытырман іске байланысты айғақтар беруде", - деп жазады басылым.

Газет Т.Есетовке қосымша болса да 27 адамның өліміне қатысты кінә артқан, соның кесірінен ұшақ істен шығып, діттеген жеріне жете алмаған сыңайда деп мәлімдейді.

Бұрын хабарланғандай, 2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің Ан-72 ұшағы апатқа ұшырады. Соның салдарынан бортта болған 27 адам түгел қайтыс болды.

Бас прокуратура ұшақтың апатқа ұшырауына борт қондырғысындағы ақау, экипаж командирінің қателігі, қолайсыз ауа-райы себеп болды деп келтірген.

ҰҚК шекара қызметі академиясының басшысы Т.Есетов 31қаңтар күні өзінің қызметтік кабинетінде атылып өлген.

26 қаңтар күні "Укрспецэкспорт" компаниясының екі жоғары лауазымды қызметкері Қазақстанда қазақстандық билік өкіліне пара берді деген күдікпен ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны