20.10.2016, 14:28 6721

Бақытбек Танагөзов Бәйдібек ауданыныӊ әкіміне тағайындалды

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ өкімімен Бәйдібек ауданыныӊ әкімі болып Бақытбек Төленұлы Танагөзов тағайындалды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 20 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Бәйдібек ауданыныӊ активіне ҚР Президенті Икімшілігі мен аудандық мәслихаттыӊ келісімімен тағайындалған жаӊа әкімді таныстырды. Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ өкімімен Бәйдібек ауданыныӊ әкімі болып Бақытбек Төленұлы Танагөзов тағайындалды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жаӊа басшыны таныстыру сәтінде өӊір басшысы лауазым иесініӊ жұмысына табыс тілеп, Бәйдібектегі халықтыӊ әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі басшылықта Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды тапсырды. Сонымен бірге, ауданныӊ дамуына өз үлесін қосқан бұрынғы әкім Батырбек Көшербайға алғысын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Бақытбек Төленұлы Танагөзов 1957 жылы туған. Оӊтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданыныӊ тумасы. Білімі - жоғары, экономист мамандығын игерген.

Еӊбек жолын 1979 жылы Шолаққорған мемлекеттік банкініӊ экономисті ретінде бастаған. Кейін Созақ ауданында партия комитетініӊ нұсқаушысы, комсомол комитетініӊ бірінші хатшысы, партия комитеті үгіттеу және насихаттау бөлімініӊ меӊгерушісі болып еӊбек еткен.

1989-2010 жылдары "Агроөнеркәсіп қызметкерлері" кәсіподағы аудандық комитетініӊ төрағасы, Созақ ауданы әкімініӊ орынбасары, "Тұран Илем Банк" Таукент бөлімшесініӊ басқарушы және "Айгерім", "Санжар фрудс" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерініӊ директоры лауазымдарында еӊбек еткен.

2010-2016 жылдары Сайрам ауданы Тассай ауылдық округініӊ әкімі, Сайрам ауданы әкімініӊ кеӊесшісі және орынбасары лауазымдарын атқарған.

2016 жылдыӊ мамыр айынан бастап Түлкібас ауданы әкімініӊ орынбасары болып еӊбек етіп келген.

Айта кету керек, Бәйдібек ауданында 55 мыӊнан астам халық тұрады. Мұнда 52 елді мекен, 11 ауылдық округ бар. Аудан негізінен ауыл шаруашылығына бейімделген өӊір болып табылады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны