16.03.2016, 13:04 3344

БАҚ-тағы үгіт-насихат кезеӊінде сайлау туралы 9 мыӊ материал жарық көрді - ОСК

2016 жылдыӊ 20 ақпанынан 14 наурызына дейін созылған үгіт-насихат кезеӊінде БАҚ-та сайлау туралы 8 769 материал жарық көрді, деп хабарлады ОКҚ-дағы брифингте ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 20 ақпанынан 14 наурызына дейін созылған үгіт-насихат кезеӊінде БАҚ-та сайлау туралы 8 769 материал жарық көрді, деп хабарлады ОКҚ-дағы брифингте ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдыӊ 20 ақпанынан 14 наурызына дейін созылған үгіт-насихат кезеӊінде БАҚ-та сайлау туралы 8 769 материал жарық көрді.Оныӊ ішінде, республикалық телеарналарда 3757 сюжет, республикалық басылымдарда - 1154 жарияланым, өӊірлік БАҚ-та 3924 материал, интернет-ресурстарда - 5063 материал, әлеуметтік желілерде - 1441 жарияланым жарық көрді", - деді М.Сәрсембаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, үгіт насихат кезеӊінде саяси партиялардыӊ кампаниясы 2016 жылдыӊ 20 ақпанынан 14 наурызына дейін созылған үгіт-насихат кезеӊінде БАҚ-та сайлау туралы 8 769 материал жариялады.

Мониторинг 48 республикалық газетті, 15 журнал мен 16 республикалық телеарнаны, 12 радиоарнаны, 147 өӊірлік газет пен 31 өӊірлік арнаны қамтыды. Сондай-ақ, 162 қоғамдық-саяси интернет ресурс бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны