21.02.2014, 19:35 10475

Бакуде әскери білім беру саласындағы Қазақстан-Изербайжан ынтымақтастығы мәселесі талқыланды

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы әскери, әскери-техникалық және әскери білім беру саласын дамыту бойынша ынтымақтастық мәселесін, сондай-ақ қорғаныс саласындағы мемлекеттер қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Ибдірайым Бакуге жасаған жұмыс сапары аясында Изербайжан Қорғаныс министрінің жеке құрам бойынша орынбасары - жеке құрам басқармасының басшысы Шыңғыс Мәмедовпен кездесті.

Сапар мақсаты - әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық орнату.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы әскери, әскери-техникалық және әскери білім беру саласын дамыту бойынша ынтымақтастық мәселесін, сондай-ақ қорғаныс саласындағы мемлекеттер қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны