14.07.2009, 13:28 1340

Банктерден заңсыз несие беру жолымен жалпы сомасы 83 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлау фактілері бойынша "БТА Банк" пен "Темірбанктен" 12 айыпталушы тартылды - Бас прокуратура

Банктерден заңсыз несие беру жолымен жалпы сомасы 83 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлау фактілері бойынша "БТА Банк" пен "Темірбанктен" 12 айыпталушы тартылды - Бас прокуратура

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Банктерден заңсыз несие беру жолымен жалпы сомасы 83 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлау фактілері бойынша "БТА Банк" пен "Темірбанктен" 12 айыпталушы тартылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ведомствоаралық тергеу тобы айыпталушы М.Ибіләзов пен Ж.Жәрімбетов басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың "БТА Банк" АҚ мен "Темірбанк" АҚ қаражаттарын ұрлау жөніндегі қылмыстық әрекеттері эпизодтары бөлігінің тергеуін аяқтады".

Бас прокуратураның хабарлауынша, "10-шы және 11-шы шілдеде тергеу тобы қылмыстық іс бойынша аталмыш банктерден заңсыз несие беру жолымен жалпы сомасы 83 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлау фактілері бойынша Ибіләзов пен Жәрімбетов арнайы құрған 9 компаниядан тұратын топқа айып тақты".

"Аталған фактілер бойынша қылмыстық жауапкершілікке "БТА Банк" АҚ мен "Темірбанк" АҚ басшылары, несие комитетінің мүшелері, сондай-ақ жоғарыда аталған компаниялардың директорлары қатарынан 12 айыпталушы тартылды. Бұл адамдардың алтауы қамауда отыр",- делінген хабарламада.

Қадағалаушы органның ақпаратына сүйенсек, 2009 жылдың 14 шілдесінде тергеу тобы тергеудің аяқталғанын жариялағаннан кейін жәбірленуші тараптар, айыпталушылар мен олардың қорғаушылары қылмыстық істің материалдарымен танысуын бастады.

"Танысу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс айыптау қорытындысымен бірге айыпталушыларды сотқа беру мәселесін шешу үшін прокуратураға жолданады".

"Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары болып саналатын айыпталушылар М.Ибіләзов пен Ж.Жәрімбетовке, сондай-ақ сот пен тергеуден бой тасалап жүрген тағы басқа 12 айыпталушыға қатысты қылмыстық істің материалдары одан әрі тергелу үшін жеке өндіріске бөліп алынды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны