28.04.2014, 20:26 6327

Банктерге өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ-ті қолдау үшін қаржы табысталды

Қазіргі таңда банктер шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген 100 млрд теңгені толықтай алып, оны игеруге кірісіп кетті, деп хабарлайды "Даму" КҚҚ-ның ресми порталы.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan today. Банктерге өңдеу өнеркәсібінде ШОБ-ті қолдау үшін қаржы табысталды . Бұл туралы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ мен оның еншілес ұйымы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға бағытталған отырыста хабарлады.

Қазіргі таңда банктер шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген 100 млрд теңгені толықтай алып, оны игеруге кірісіп кетті, деп хабарлайды "Даму" КҚҚ-ның ресми порталы.

Бүгінде банктер қаржыландырылатын жобаларды сараптау жұмыстарын бастады. Олардың берген мәліметінше, қазіргі таңда кәсіпкерлік жобалар бойынша өтініштердің жалпы құны шамамен 111 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде 44 млрд теңгенің жобасы азық-түлік өнімдерінің өндірісіне бағытталған.

Кәсіпкерлердің басқа да өтініштерінің қатарында текстиль бұйымдары, кеңсе және студия жиһаздары, әйнек бұйымдары, химия және өнеркәсіптік өнімдер мен өзге де өндірістер бар. Сараптама жұмыстарынан кейін банктер қарыз алушыларға несие беруді қолға алады.

Алқа мәжілісінде қаржы институттарының бөлінген қаражатты игеру бойынша жарты жылдық жоспары талқыланды. Осы ретте, "Даму" Қоры банктердің кәсіпкерлерге несие беру динамикасын бақылап отыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 14 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің отырысында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бойынша Ұлттық банкпен бірлескен жоспар қабылданды. Аталмыш жоспар аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 100 млрд. теңге бөлінді. Қомақты қаржы өндірістің қайта өңдеу саласы бойынша жобаларды жүзеге асырып жатқан шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге бағытталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны