06.02.2013, 15:12 3430

Барлық зейнетақы жинақтары шілде айына дейін БЖЗҚ біріктірілетін болады

Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорын құру - зейнетақылық жинақтың мемлекет меншігіне өтуі деген сөз емес, зейнетақылық жинақ азаматтардың өз меншігінде қалады. Зейнетақылық жинақ Ұлттық Банкте сақталады (Ұлттық Банк банк-кастодиан болады).

Астана. 6-ақпан. Kazakhstan Today - Барлық зейнетақы жинақтары шілде айына дейін Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорына біріктірілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында Елбасының ЖЗҚ барлық салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын бірыңғай зейнетақы қорына беру туралы тапсырмасына сай, қазіргі күні акциясы 100% Ұлттық Банкке қарайтын МЖЗҚ базасында БЖЗҚ құру ұсынылатынын хабарлады.

Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорының меншік иесі ҚР Үкіметі болады. Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорын құру жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптеріне еш әсер етпейді: Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорында да жеке жинақтаушы шоттар жүйесі сақталады.

Міндетті зейнетақы салымдарының барлық түрлері бойынша олардың біртұтастығы бойынша мемлекеттік кепілдік сақталады.

Азаматтардың зейнетақылық жинағын толық көлемде аудару жүзеге асырылады.

Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорын құру - зейнетақылық жинақтың мемлекет меншігіне өтуі деген сөз емес, зейнетақылық жинақ азаматтардың өз меншігінде қалады. Зейнетақылық жинақ Ұлттық Банкте сақталады (Ұлттық Банк банк-кастодиан болады).

Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорын Ұлттық Банк БЖЗҚ басқару Кеңесінде бекітілген инвестициялық стратегияға сәйкес басқарады. Кеңестің жеке құрамын ҚР Президенті бекітеді.

БЗЖҚ зейнетақы активтерін инвестициялау оның сақталуын және табысының тиісті деңгейде болуын қамтамасыз ете отырып, әртараптандыру принципі бойынша жүзеге асырылады.

Қазіргі ЖЗҚ өз жұмыстарын инвестициялық қоржынды басқарушы (заң бойынша зейнетақылық активтерді басқару лицензиясын инвестициялық қоржынды басқару лицензиясына ауыстыру мүмкіндігі беріледі) немесе ерікті түрдегі жинақтаушы зейнетақы қорлары басқарушы ретінде жалғастыра алады.

Осы іс-шараларды жүзеге асыру үшін ҚР 8 кодексі мен 22 заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі тиіс, алдағы айларда ол іс-шаралар жасалынбақ.

Азаматтардың барлық зейнетақылық жинақтары Жинақтаушы Зейнетақы Қорына 2013 жылдың 01 шілдесіне дейін шоғырлануы тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны