30.12.2009, 14:13 3037

Бас прокуратура ҚХР-ға экспортқа шығару мақсатында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін жер бөлуге қатысты материалдарды сараптамалық зерттеуге жіберді

Бас прокуратура ҚХР-ға экспортқа шығару мақсатында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін жер бөлуге қатысты материалдарды сараптамалық зерттеуге жіберді

Астана. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бас прокуратура ҚХР-ға экспортқа шығару мақсатында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін жер бөлуге қатысты материалдарды сараптамалық зерттеуге жіберді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бүгін мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "соңғы уақытта әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестіктердің жекелеген өкілдерінің тарапынан ҚХР-ға экспортқа шығару мақсатында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін жер бөлуге қатысты шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер таратуға жол берілуде".

"Анық ақпаратты білместен және істің шынайы жағдайын қасақана бұрмалап, арандатуға ниеттенген адамдар кейбір БАҚ-тарды пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті бұзуға және Қазақстан мен ҚХР арасындағы тату көршілік қарым-қатынасқа залал келтіруге тырысты",- делінген хабарламада.

Осыған байланысты, "Бас прокуратура бұл дерек бойынша материалдардың ұлттық араздықты немесе алауыздықты қоздыру, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлау, ұлттық қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын насихаттау белгілерінің бар болуына қатысты сараптамалық зерттеу және процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданғанын мәлімдейді",- делінген онда.

"Жоғарыда көрсетілген қылмыс құрамы белгілерінің бар екені расталған жағдайда кінәлі тұлғалар заңның барлық қаталдықтары бойынша жауапкершілікке тартылатын болады",- деп ескертеді Бас прокуратура.

Сонымен қатар, Бас прокуратура Конституцияның 6-бабына сәйкес жер және оның басқа да табиғи ресурстары мемлекет меншiгiнде болатынын түсіндіреді. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.

Жер кодексіне сәйкес, тауарлық ауылшаруашылығы өндірісіне және орман шаруашылығына арналған жерлер шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың жеке меншігінде бола алмайды.

Осылайша, жоғарыда келтірілген пікірлер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келеді.

Конституция бойынша, республика қызметінің түбегейлі қағидалары ретінде қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму болып табылады.

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңмен журналистерге алынатын ақпараттың растығын тексеру құқығы беріліп, сонымен бірге шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпау міндеті жүктелген.

Конституцияның 39-бабы бойынша ұлтаралық татулықты бұзатын кез-келген әрекет конституциялық емес деп танылады.

Ұлттық қауіпсіздік және терроризмге қарсы тұру туралы заңнама да ұлтаралық қатынастардың жағдайын нашарлатуы мүмкін әрекеттерді заңсыз деп таниды.

Заңдылықтың бұзылуын ескерту және болуы мүмкін құқықтық салдарларды болдырмау мақсатында, Бас прокуратура ұлттық араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға, ұлттық қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын насихаттауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер Қылмыстық кодекстің 64-бабымен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын түсіндіреді.

Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексте бұқаралық ақпарат құралдарында ұлтаралық араздықты қоздыруға және бұқаралық ақпарат құралдарына қасақана жалған мәлімет беруге бағытталған материалдарды жариялауға рұхсат бергені үшін жауапкершілік бекітілген.

Сондай-ақ, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңға сәйкес экстремизмдi, ұлттық басымдықты насихаттау және ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған материалдар жариялау және ақпарат тарату бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға негіз болып табылады, делінген мәлімдемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны