31.07.2007, 15:19 6239

Бас прокуратура сайлау алдындағы науқан барысынан күрделі заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ

АСТАНА. 31 шілде. Бас прокуратура сайлау алдындағы науқан барысынан күрделі заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен "дөңгелек үстел" барысында бас прокурордың орынбасары Асхат Дауылбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сайлау нәтижесіне әсер ететіндей өрескел заң бұзушылықтапрды біз қазір анықтан жоқпыз", - деп мәлімдеді А. Дауылбаев. "Жекелеген заң бұзушылықтар ғана байқалды", - деп қосты ол.

"Прокуратураның негізгі іс-қызметі осындай заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Ол заң бұзушылықтарды қатаң әрі қарсы шағымдану мүмкіндігінсіз қасаңдықпен құрдымға жіберетін біртүрлі шараларға баруға әсте бағытталмайды", деп атап өтті А.Дауылбаев. "Басты күш-жігер саяси партиялар мен сайлау процессіне қатысушыларға заңнама талаптарын түсіндіруге, партиялардың заң талаптарының байыбына барып, одан әрі оларды бұзбауына бағытталады", - деді ол.

Бас прокуратура жүргізген мониторинг нәтижесі күрделі заң бұзушылықтардың жоқтығын анықтады. Сонымен бірге, А. Дауылбаевтың айтуынша, қазіргі жағдаймен "бірқатар заңдылықты белден басу оқиғалары анықталып отыр". Атап айтсақ, бірқатар БАҚ-тар сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны басталмай тұрып үгіт сипатындағы мақалаларды жариялап жіберген. Бұған қоса бірқатар БАҚ-тар қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама қорытындысын осындай материалдарды жариялау ережелерін бұза отырып басқан.

"Жалпы алғанда прокуратура органдары бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама қорытындысын жариялау ережелерін бұзу деректері бойынша сайлауға қатысты 8 заңдық түсініктеме берді. Заң бұзушылыққа жол берген басылымдардың арасында "Время", "Свобода слова", "Литер", "Тасжарған", "Взгляд", "Алматы инфо", "Жас Алаш", "Свободный Казахстан" газеттері бар, - деді А. Дауылбаев.

Оның айтуынша, "саяси партиялардың өз іс-қызметінде де сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ережелерін бұзу оқиғалары байқалған". Атап айтсақ, прокуратура органдары үгіт материалдарын жариялау ережелерін бұзу, бәсекелес саяси ұйымдар басқан үгіт материалдарын бүлдіру жөніндегі шағымдар келіп түскен.

"Бүгінгі жағдаймен прокуратура органдарына сайлау заңнамасын бұзуға қатысты азаматтардан 84 шағым түскен, соның ішінде 3 шағым қанағаттандырылып, заңнамаға қатысты 36 түсініктеме беріліп, 3 таныстыру, бір қарсылық жазылып, 4 әкімшілік іс қозғалды", - деді А. Дауылбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны