22.08.2007, 14:46 2785

Бас прокуратура сайлау барысында сайлау заңнамаларының немесе азаматтардың сайлау құқықтарының елеулі түрде бұзылмағанын хабарлайды

Бас прокуратура сайлау процесі заңдылығының негізгі принциптері сақталғанын, сайлау заңнамаларының немесе азаматтардың сайлау құқықтарының елеулі түрде бұзылмағанын хабарлайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов құлағдар етті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22-тамыз.АСТАНА. Бас прокуратура сайлау процесі заңдылығының негізгі принциптері сақталғанын, сайлау заңнамаларының немесе азаматтардың сайлау құқықтарының елеулі түрде бұзылмағанын хабарлайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Орталық және төмен сайлау тұрған комиссияларының, өткізілген сайлауға қатысты басқа мемлекеттік органдар мен тұлғалардың жұмыстарының жариялылығы қамтамасыз етілді",- деді ол.

Өкілдің айтуынша, "азаматтар мен сайлау процесіне қатысушылардың сотта және басқа мемлекеттік органдарда олардың сайлау құқықтарын қозғайтын әрекеттер мен актілерге шағымдану құқықтарына кепілдік берілді және ол іске асырылды. Сонымен қатар, заң бұзушыларға көбінесе ескерту сипатындағы шаралар қолданылды".

Сонымен қатар, сайлау кезінде прокурорлармен сайлау нәтижелеріне ықпал етпеген кейбір заң бұзушылықтар анықталған.

Талдау кезінде олардың көпшілігі сайлау алдындағы үгіт кезеңінде жіберілгені анықталды.

"Осы кезеңде анықталған заң бұзушылықтардың ішінен бірінші кезекте сайлау алдындағы үгіт жүргізудің басталу және аяқталу мерзімдерінің бұзылуын атап өту қажет",-деді С.Нұрпейісов.

"Өткізілген мониторинг партиялық тізімге ұсынылған кандидаттар мен саяси партиялар, сондай-ақ басқа қоғамдық ұйымдар аталған бақылау мүмкіндігін толық пайдаланғанын көрсетті. Бақылаушылардың жұмыстары жалпы сайлау заңнамаларының нормаларына сәйкес атқарылған. Сонымен қатар, саяси партиялар бақылаушыларының тарапынан кейбір заң бұзушылықтар анықталған",- деді бас прокуратура өкілі.


Сайлау заңнамасына сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің, азамат-тардың, белгіленген тәртіпте тіркелген қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің дауыс беруді жүргізу, соның ішінде сайлау туралы заңнаманы бұзушылықтар туралы мәселеге қатысты сайлау күні келіп түскен арыздары соттармен және прокуратура органдарымен кідіріссіз қаралған.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында мұндай жұмыс тек шағымдар мен өтініштер бойынша ғана емес, сондай-ақ БАҚ хабарлары бойынша және басқа қол жетімді материалдарды талдау арқылы жүргізілген.


Электораттық кезең ішінде прокуратура органдарымен барлығы заңға 136 түсініктеме берілген, заңдылық бұзушылықты жою туралы 14 ұсыныс енгізілген, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 27 өндіріс қозғалған және 2 наразылық келтірілген.

Енгізілген түсініктемелердің ішінде саяси партиялардың, олардың сайлау алды штабтарының не басшыларының атына заңға 50 түсініктеме берілген, атап айтқанда, ЖСДП - 27, "Ақ жол" ҚДП - 8, "Руханият" - 5, ҚПП - 2, ҚКХП - 4, "Нұр Отан" ХДП - 3, "Ауыл" ҚСДП - 1.

Прокуратура органдары азаматтардың және заңды тұлғалардың 766 өтініштері қаралған, оның ішінде 53 жағдайда арыз иелері сайлау заңнамасына түсініктеме беруді өтінген. Қаралғандардың ішінде 46 өтініш қанағаттандырылған.

Жалпы ішкі істер органдары азаматтардың және заңды тұлғалардың - 106, ұлттық қауіпсіздік органдары - 10, қаржы полициясы органдары 13 өтініш қараған.
Прокуратура органдарынан басқа сот органдарына да сайлау заңнамасын бұзушылықтар жөнінде шағым жасалған.

"Бас прокуратура барлық бақылаушыларға, соның ішінде ЕҚЫҰ, ТМД және ШЫҰ миссияларының өкілдеріне атқарылған жұмыстары және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде айтылған ұсыныстары үшін ерекше ризалық білдіреді",- деді С.Нұрпейісов.

"Пропорционалды жүйе бойынша сайлау Қазақстанда алғашқы рет жүргізілгені, соған сәйкес сайлау заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды тәжірибеде бірінші рет қолданылғаны ескеріліп, осы электоралдық процесс барысында заңдылықтың сақталуына талдау жасаудың қорытындысы бойынша Бас прокуратурамен оны жетілдіру жөнінде тиесілі ұсыныстар әзірленеді",- деді ол.

"Бұдан әрі іске асырылуы үшін ұсыныстар Орталық сайлау комиссиясына жолданады",- деді өкіл.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны