23.01.2009, 18:00 3131

Бас прокуратураның талаптары бойынша шетел мемлекеттердің аумақтарында жасырынып жүрген 56 Қазақстан азаматы ұсталып, елімізге қайтарылды

Бас прокуратураның талаптары бойынша шетел мемлекеттердің аумақтарында жасырынып жүрген 56 Қазақстан азаматы ұсталып, елімізге қайтарылды

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының талаптары бойынша шетел мемлекеттердің аумақтарында жасырынып жүрген біздің 56 азаматымыз ұсталып, елімізге қайтарылды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада Прокуратура органдарының 2008 жылғы жұмысының негізгі қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокурорының орынбасары Рахымбек Мамырбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Прокурорлар Республикадан тыс жерлердегі қылмыскерлерді қылмыстық қудалауды ұйымдастыруда бірталай жұмыс жүргізді",- деді ол.

Оның айтуынша, "былтырғы жылы прокурорлар экстрадициялық тәртіппен 160 шетел азаматын тұтқындады, олардың 123-ін сонда жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға өз елдеріне қайтарылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны